«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«ASHYQ» пилоттық жобасы – локдаундарға қарсы жақсы балама

2021 жылғы 06 Сәуір
- Алматы қаласы
6144 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов осындай пікірді айтты

3 сәуірден бастап Алматы қаласы Бас санитар дәрігерінің қаулысымен бизнеске салынған бірқатар шектеу шаралары мен тыйымдар жұмсартылды. Себебі, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті енгізілген карантиндік шараларға эпидемиологиялық бағалау жүргізіп, инфекция ошақтарына талдау жүргізді.

 «Менің пікірімше, бұл негізді әрі ойластырылған шешім. Осыған дейін бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин өзінің сұхбатында егер қолға алынған шаралар тиіміз болса, оларды жұмсартуға болатыны жайында мәлімдеген. Демек, тыйымдардың өзі нәтиженің кепілдендіре алмайтыны жайында түсінік бар. Бұдан бөлек, пандемия жағдайында біз локдаундарға жаңа балама іздеуімізге тура келеді», – деді Алматы қаласы ӨКП директоры Айтуар Қошмамбетов.

Санитарлық-эпидемиологиялық зерттеулер сауда – ойын-сауық орталықтары мен базарлардың жұмысына толық тыйым салуға қарамастан бұл орындарда індетті жұқтыру саны болмашы азайғанын көрсетті.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, сауда–ойын-сауық орталықтары және сауда үйлерінде індетті жұқтыру көрсеткіші небәрі 2 пайызға төмендеген және көпшіліктің шоғырлануы үй алдындағы дүкендерде байқалуда. Сонымен қатар бас санитар дәрігер шағын дүкендерге қатысты іс-шаралар тіиімділігі жекелей бағаланатынын айтты.

 «Қызметке тыйым салуына қарамастан нысандар амалын тауып, жұмыс істеп, көпшілік жиналуын жалғастыруда. Көлеңкеге тығылған нысандардың жұмыс істеуі арақашықтық, желдету немесе маска тағу секілді ең қарапайым санитарлық талаптардың бақыланбауына әкеп соғады. Кальян орталықтары мен клубатар, түнгі форматтағы қоғамдық орындар – осының бәрі бақыланбайтын сұр аймақ. Осындай орындарда індетті 1-2 тасымалдаушының болуы – адамдардың жүздеп ауруға шалдығу ошағын тудырады», – деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы.

 Қызмет көрсету мекемелері мен білім беру орталықтарының қызметіне тыйым салынғанына қарамастан, санитарлық талаптар сақтамай, шеберлер мен оқытушыларды үйге шақыру фактілері кездеседі. Бұл кейбiр кәсiпкерлiк объектiлерiнiң ашылуы: келушiлер мен қызметкерлердiң санитарлық талаптарды сақтауын бақылау, жұмыс кестесiнiң ашықтығы сияқты факторлармен байланысты екенiн айғақтайды.

 «Азамат қызметті бәрібір алады – бірақ санитарлық талаптарды сақтау бақыланбайды. Демек, заңға бағынышты бизнесті ашып, біз бақыланбайтын орындарда адамдардың шоғырлануын төмендетеміз. Бір жыл ішінде біз бизнесті шектеу нәтиже әкелмейтінін түсіндік. Осы ретте егер мемлекет тыйым салатын шараларды енгізгісі келсе, онда оған тең келетін өтем жасалуы керек. «ASHYQ» пилоттық жобасы бизнесті көлеңкеде жұмыс істеуге мәжбүрлемейді», – деді Палата директоры.

 Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жеке өзі бизнес субъектілерімен диалогты құрып, барлық тараптардың пікірлерін ескере отырып, санитарлық дәрігердің әрбір шешімін талқылауды бастауға дайын екенін мәлімдеді.

«Бұл жұмыс форматы ашықтықты қамтамасыз етеді және қабылданған шаралардың себептерін анықтайды. Жаппай вакциналау үдерісі бірнеше айдан кейін ковидке дейінгі қарым-қатынас форматына оралуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз», – деді Өңірлік палата басшысы.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер