«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көпбалалы ана мал шаруашылығын бастауға мемлекеттік грант алды

2021 жылғы 06 Сәуір
- Қостанай облысы
8540 просмотров

Екі бас сиыр – балаларға сүт пен ертеңгі күнге сенімділік

 Осындай пікірді бұрын үлкен отбасыны асырау үшін күзетші болып жұмыс істеген Алмагүл Дауылбай айтауда. Көпбалалы ананың өмірі «Бастау Бизнес» жобасына қатысқан соң өзгерді, жоба арқылы кәсіп бастауға мемлекеттік грант алынды.

 Алмагүл Дауылбай Сарыкөл ауданы Урожайное ауылында тұрады. Алмагүл өзі алты баланы бағып отыр, баланың үлкені 16 жаста болса, кішісі – 4 жаста. Алты баланың екеуі – бауырының баласы. Оларды балалар үйіне алып кетеміз дегенде Алмагүл Дауылбай өзіне алып қалуға күш салған. Оның айтуынша, төрт  бала бар жерде алты балаға да орын бар. Үлкен отбасы тату тұрады – үлкендер шаруашылыққа көмектесіп, кіші балаларға қарайласады.

 «Күзетші болып жұмыс істегенімде қиындау болды. Балаларды жалғыз қалдыруға қорқатынмын. Кейін «Бастау Бизнес» жобасы туралы естідім де қатысуға ниеттендім. Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының мамандары бизнес-жоспар құруға көмектесті. Грант алдым, 500 000 теңгеге 2 сиыр сатып алдым. Бұл жақсы демеу, бастысы енді мен балалар жанындамын. Үлкен қыздарым сиыр қораны тазалауға көмектеседі. Жазда балалар малды өздері бағатын болады, ешкімді жалдамаймыз», – деді Алмагүл Дауылбай.

 Сиырлар әзірге бұзауламады, Бірақ «Бастау» түлегі сүт өткізіп, ірімшік жасауды жоспарлап қойды. Жақында Айгүл ханымның шаруашылығында өсіруге 5 бас қой пайда болды.

 «Әзірге шаруашылық шағындау, табысы аз. Мен жем-шөппен көмектескен «Елсан-Агро»  ЖШС директоры Тұрсынбай Багитбайұлы Садуақасовқа алғыс білдіремін. Қожалықтың басшысы болмаса, биыл мал қорегіне қиналар едік. Алдағы уақытта мал басын көбейтемін. Қой өсіру тиімді. Биыл мемлекеттен жеңілдікпен несие алуға тырысамын», – деді Айгүл Дауылбай.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер