«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарапайым заттар экономикасы: Түркістанда қандай салалар көш бастап тұр?

2021 жылғы 05 Сәуір
- Түркістан облысы
10372 просмотров

Ауыл шаруашылығы, туризм және білім – Түркістан облысында "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында ең көп кәсіпорын осы үш салада ашылып жатыр.

Қазіргі таңда Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Жобалық алқа қарауында 510 жоба бар, оның 45,2 млрд. теңге құрайтын 310 жоба мақұлданған. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы Республикада көш бастап тұр.

Өткен жылы пандемияға қарамастан мақұлданған жобалар саны 2 есеге артты.

«141 мыңға жуық кәсіпкері бар Түркістан облысы шағын және орта бизнес үшін қолайлы бизнес климат қалыптасқан өңір, шағын және орта бизнес саны бойынша Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан кейін 3 орында. Қарапайым заттар экономикасы арқылы қолдау алған жобалар экономиканың түрлі салаларын қамтиды. Бағдарламаны барынша қолжетімді ету мақсатында бизнес өкілдерімен тұрақты кездесулер өткізілуде. Соның нәтижесінде 100-ден аса потенциалды жобалар анықталып, оларды қаржыландыру бойынша сүйемелдеу жұмыстары жүруде», - деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков.

Айта кетейік, бағдарламаға бизнесті кеңейтуге немесе қызметтің жаңа бағытын ашуға ниетті кәсіпкерлер қатыса алады. "Қарапайым заттар экономикасы" салаларын несиелендірудің барлық мәселелері бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасына мына телефон арқылы хабарласуды сұраймыз: 8(72533) 5-98-98, 8-708-753-65-35 жобаларды сүйемелдеу бөлімі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер