«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қаласының бизнес-қоғамдастығы: «Көмек көрсетіледі, Мемлекет басшысы бізді қолдады»

2021 жылғы 05 Сәуір
- Алматы қаласы
14927 просмотров

«Қызыл аймақ», екі жыл бойы қайталанып жатқан сценарий және кәсіп пен қызметкерлері үшін жанталасып жатқан, үнемі жауапқа тартылып жатқан кәсіпкерлер

Мемлекет басшысы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайға қатысты жиында Үкіметке бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын қорытуды тапсырды. Бұл жаңалық Алматы кәсіпкерлерінің қоғамдастықтығын қуантқаны сөзсіз, өйткені бизнесмендердің мұң-мұқтажы ескерусіз қалмады.

 Өңірлік кеңестің төрағасы Максим Барышев бизнес-қоғамдастық атынан үндеумен шығып, орын алған ситуацияны еңсеру үшін нақты ұсыныстарды айтты.

 Өңірлік кеңес төрағасының үндеуінен кейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездесу өтті. Кездесу қорытындысы бойынша пилоттық жобаның жұмысын жандандырып, қоғамдық тамақтанудың жазғы алаңдарына жұмыс істеуге рұқсат берілді, сәйкес өзгерістер санитар дәрігердің қаулысына енгізілді.

 Еске салсақ, Максим Барышев өзінің үндеуінде Мемлекет басшысынан шағын және орта бизнес субъектілерінің салық және төлемдерді төлеуді кейінге шегеруді сұрады. Оның ұстыныстары назарға алынып, коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайға қатысты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет, Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі мен Ұлттық банкке экономиканың зардап шеккен салаларындағы ШОБ субъектілерінің несиелері бойынша төлемдерді кейінге шегеру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

 «Елімізде ғана емес, бүкіл әлемде пандемия салдарынан мемлекеттер түрлі қиындықтар мен салдарға тап болып жатқанын көріп жатырмыз. Бизнес – бұл, бірінші кезекте ел және халық игілігіне еңбек етіп жатқан адамдар. Алматы қаласы бизнес-қоғамдастығы атынан Президентке кәсіпкерлерге қолдау бойынша жаңа шараларды қолға алуды тапсырғаны үшін алғыс білдіремін. Үнемі шектеулерден тұншыққан әрі демеуге мұқтаж бизнеске Сіз қолдау көрсеттіңіз, біздің ұсыныстарымыз назарға алынды», – деп ризашылығын  білдірді Алматы қаласы ӨКП Өңірлік кеңестің төрағасы Максим Барышев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер