«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесіне сайлау: 91 кандидат

2021 жылғы 05 Сәуір
- Жамбыл облысы
5935 просмотров

Жамбыл облысында Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің сайлауына қатысуға кандидаттарды ұсыну науқаны аяқталды

 Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Самат Қосалиев өңірдегі кәсіпкерлер мен салалық қауымдастықтар сайлау науқанына жоғары белсенділік танытқанын хабарлады.

 «Еске салсам, Өңірлік кеңес мүшелігіне кандидат бірқатар талапқа сәйкес келуі керек. Сайланушы Қазақстан Республикасынаың азаматы, өңірдің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді қатысушы, кәсіпкерлер арасында пікір білдіре алатын атқамінер; өңірде қоғам белсендісі, кәсіпкерлер мен қоғамда танымал, оң беделге ие азамат; сонымен қатар әлеуметтік жауапты кәсіпкер болуы керек, кандидаттың облыстық, қалалық мәслихатқа депутат болуы құпталады, сондай-ақ заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болмауы керек. Сайлауға осы талаптарға сай 91 адам өтті», – деді Самат Қосалиев.

 Кәсіпкерлердің жалпы құрамынан 2 кәсіпкер салалық қауымдастықтардың өкілдері. Кандидаттардың орташа жасы – 49 жас.

 Енді үміткерлер 6-10 сәуір аралығында өтетін үгіт-насихат кампаниясына қатысады. Онлайн дауыс беру 12 сәуірде басталып, 16 сәуірде аяқталады.

«Дауыс беру vote.atameken.kz сайтында өтеді, оған Жамбыл облысында тіркелген кәсіпкерлік субъектілері ғана қатыса алады. ЭЦҚ арқылы дауыс беруге болады. Ол үшін ұйымның кілттерін қолдану қажет. Мұндай процедура сайлаудың ашық өтуін қамтамасыз етеді», – деп түсіндірді Самат Қосалиев.

Еске салсақ, 1 наурыз күні Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңестің отырысында жаңа құрамды сайлау мақсатында өзін-өзі тарату туралы хабарлады.

 Кеңестің қазіргі құрамында 24 адам – қала мен өңірдің экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін, түрлі салалық қауымдастықтар атынан өкілдік ететін ірі бизнесмендер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер