«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Волонтерлік қызмет туралы» Заңға түзетулер тұжырымдамасы

2021 жылғы 31 Наурыз
6848 просмотров

Құрметті кәсіпкерлер!

Сіздердің назарларыңызға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы Тұжырымдамасының жобасын ұсынамыз. Аталған құжатты қабылдау волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттарды дамытуға құқықтық жағдайды жетілдіруге бағытталған.

 «Волонтерлік қызмет туралы» Заңын жетілдірудегі негізгі өзгерістер:

  • «Волонтер» санатын волонтерлік ұйымдардың растайтын құжаттарын (анықтамалар) ұсына отырып, жоғары, оқу орындарына түсуде артықшылығы бар тұлғалар санатына қосу;
  •  волонтерлік қызметті атқарып жатқан азматтарды мемлекеттік мекемелер, қазынашылық кәсіпорындарға жұмысқа қабылдауда қосымша балл тағайындау;
  • волонтерлік ұйымдарға мемлекеттік мүлікті жеңілдікті шарттарда ұсыну;
  • зейнетке шығарда волонтерлік қызметке жұмсалған кезеңді еңбек өтіліне есептеу;
  • волонтердің ең төменгі жасын 16 жасқа дейін азайту, денсаулық пен моральдық дамуға қауіп төндірмейтін волонтер қызметінің түрлерін анықтау.

«Қайырымдылық туралы» Заңды жетілдіруге ұсынылған механизмдері:

  • қайырымдылықпен айналысушылар, қайырымдылық волонтерлерінің жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдіктер алу бөлігінде құқығын кеңейту;
  • қайырымдылықпен айналысушылар, қайырымдылық волонтерлерінің азаматтық қызметке тағайындалуда артықшылық алу құқықтарын кеңейту;
  • қайырымдылық ұйымдарға мүліктік жалға алу немесе қайтарымсыз сенімгерлік негізінде мемлекеттік коммуналдық мүлік нысандарын пайдалануды енгізу;
  •  қайырымдылықты дамыту саласындағы саясатты іске асыру функцияларын қоса отырып, қайырымдылық саласындағы уәкілетті органды анықтау;
  •  қайырымдылық ұйымдарды іске асырылған қайырымдылық бағдарламалар туралы есеп беруін міндеттейтін норманы енгізу;
  • бірыңғай ақпараттық платформа – Қайырымдылық ұйымдарының тізілімін әзірлеу.

«Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік тапсырыс, гранттар және сыйлықтар туралы» Заңды жетілдірудің ұсынылған механимздері:

  • халықаралық тәжірибе негізінде стратегиялық серіктестік механизмін енгізу ұсынылады, аталған механизм мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесуінің жаңа деңгейін көздейді;
  • орталық мемлекеттік органдарға Оператор арқылы гранттар құруға және ұсынуға өкілеттік беру.

Сонымен қатар, салыстыру үшін осы саладағы заңнамалық реттеудің шетелдік тәжірибесі келтірілген.

  Тұжырымдама мәтінімен, танысуды ұсынамыз, егер ұсыныстар мен ескертпелеріңіз болса, Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі департаменттің электронды поштасына хат жазуды сұраймыз: a.uisembayeva@atameken.kz

Қарау мерзімі – 2021 жылдың 5 сәуіріне дейін.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер