«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Талдықорғандық кәсіпкерлер өрт қауіпсіздігі бойынша оқыту қызметтерін ұсынушыларға наразы

2021 жылғы 30 Наурыз
- Жетісу облысы
4022 просмотров

Талдықорған қаласының кәсіпкерлері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызмет көрсетуші жеке құрылымдарға наразы.

Бұл туралы кәсіпкерлер ТЖД өкілдері мен кәсіпкерлердің қатысуымен Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасында өткен мемлекеттік өрт бақылау мәселелері бойынша дөңгелек үстел барысында айтты.

Кездесуге Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Баниямин Файзулин, Алматы облысы ТЖД МӨҚБ бастығының орынбасары міндетін уақытша атқарушы Манат Тұрымов, Талдықорған қаласы бойынша ТЖБ өкілдері және Қазақстан үздіксіз білім беру қауымдастығының (ҚҮББҚ) облыстық филиалының мүшелері қатысты.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, ҚҮББҚ облыстық филиалының өкілі Роза Егінбаева мәлімдегендей, өрт қауіпсіздігін оқыту саласында қызмет көрсететін кейбір жеке құрылымдар жүргізілетін тексерулерді сылтау етіп, өз қызметтерін пайдалануға күштеп мәжбүрлеуде.

Еске салсақ, тұрғындарды өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту ережелеріне сәйкес ұйымдар мен мекемелердің жауапты тұлғалары өрт-техникалық минимум мәселелері бойынша оқытудан өтуі тиіс. Өрт қауіпсіздігі нормаларын оқыту бәсекелес ортаға берілді.

«Өзге аймақтардағы кейбір ұйымдар бізге өз қызметтерін қолдануды күштеп мәжбүрлеген жағдайлар болды. Олар талап етіп қана қоймай, кейде озбыр түрде бізге өздерінің қызметтерін сатып алу керек екенін айтады. Олай болмаған жағдайда мемлекеттік орган тарапынан тексеру болатынын айтады. Аталмыш коммерциялық компанияларда біздің барлық деректеріміз бар. Тіпті ұйымда қанша қызметкер бары екенін де хабардар», - дейді кәсіпкер.

ТЖД өкілдері азаматтық қорғау қызметкерлері коммерциялық қызмет көрсетпейтінін, тек нысандарды өрт қауіпсіздігі туралы бақылау функциялары қарастырылғанын атап өтті. Әрбір кәсіпкер немесе мемлекеттік мекемелердің басшылары қызмет көрсету бойынша келген компанияны таңдауға құқылы.

Өз кезегінде қауымдастық өкілдері қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында білім беру қызметтерін көрсететін тексерілген ұйымдардың тізілімін әзірлеуді жоспарлап отыр.

Алматы облысы ТЖД МӨҚБ бастығы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Марат Тұрымов Президенттің Жарлығына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексеріс жүргізуге мораторий енгізілгенін хабарлады.

«Президенттің Жарлығына сәйкес 2021 жылы тексеру кестесіне 1 568 шағын бизнес субъектісі енгізілмеген. Шағын бизнесті тексеру тек ТЖ Министрінің тапсырмасы негізінде, келіп түскен шағымдарға сәйкес жүргізіледі. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңына сәйкес қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыру үшін азаматтық қорғау органдарының қорытындысы немесе рұқсаты талап етілмейді», - деп хабарлады ол.

2021 жылдың басынан бері кәсіпкерлік субъектілеріне 3 тексеру жүргізілген. Ағымдағы жылы заңбұзушылық жіберген 2 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері нысандарда 19 өрт тіркелген, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 26%-ға жоғары. Нысандардағы өрттердің негізгі себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болып отыр.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бұрын тапсырылған нұсқамаларды және келіп түскен өтініштерді орындау бойынша жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, тәуекел дәрежесі жоғары объектілерде жылына 1 рет объектінің тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша өрт-техникалық тексерулер жүргізіледі.

Сондай-ақ, ТЖД өкілдері бүгінгі таңда кәсіпкерлік субъектілері арасында ақпараттық жұмыс жүргізуге баса назар аударылғанын атап өтті. Олардың айтуынша, шағын бизнес субъектілерінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ақпараттық парақшалар таратылып, алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылып, басшыларымен өртке қарсы тақырыпта профилактикалық әңгімелер жүргізіліп келеді


Еншілес ұйымдар

Серіктестер