«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шыңғыс Темір: «Өндіріс шығындарын ескермей, бағаны төмендетуге мәжбүрлеу дұрыс емес»

2021 жылғы 18 Наурыз
10404 просмотров

Өсімдік майы және жұмыртқа бағасының өсуіне байланысты Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдеріне межелі бағаларды белгілеу ұсынылды, реттеуге бірінші болып май-тоң май өнімдері түсті. «Атамекен» ҰКП мамандары бағаларды реттеу бизнес ахуалына теріс әсер етуі мүмкін деп санайды. Егер бағалар өнімнің өзіндік бағасынан төмен болса, кәсіпкерлер жұмыс істей алмай қалады

 Азық-түлік өнімдеріне бағалардың өсуінің себебі – өндірушілер шығындарының артуы.

 «Бүгінде мемлекеттік орган тауарларға кәсіпкерлер тарапынан бағалардың өсуін, келісіп алу ықтималдығына меңзейді. Алайда «егістіктен – дүкен сөресіне дейін» бүкіл тізбек бойынша өндірістің қымбаттағанын қаперге алмайды. Қазіргі кезде өңдеушілер шикізат үшін бәсекеге түсіп, оны нарық бағасымен сатып алуға мәжбүр», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Шыңғыс Темір.  

 Кәсіпкерлер электр энергиясына тарифтердің жоғарылауы, жем-жөп, импорттық шикізаттың қымбаттауы және пандемияның әсерінен төмен бағаларды сақтап қалу мүмкін емес дейді. Мәселен, жаз айларында 1 л өсімдік майы 450 теңгені құраса, қазіргі кезде баға 625 теңгеден түспей тұр.

 «Қазақстан май-тоң май одағы» қауымдастығының мәліметтері бойынша азық-түлікке бағалардың өсуіне Ресей мен Украинада күнбағыстың нашар шығымына байланысты болған, соның салдарынан қазақстандық күнбағыс дақылына Қытай және Өзбекстан тарапынан сұраныс артып, есесіне баға өсіп, жергілікті шикізаттың тапшылығы байқалды. Отандық өндірушілерде мәселені шешуде екі жол бар: қазақстандық шикізатты сатып алуға үлгеру, күнбағыс дақылдарын Ресейден импорттау.

 Қазіргі кезде ҚХР өсімдік майдың шикізатын тоннасына 1310 АҚШ долларына сатып алады, сәйкесінше өндірушілік шикі майдың өткізу бағасы 1 литріне 550 теңгені құрайды. Өндірістік шығындар, өндіруші маржасы және сату үстемесін (10 пайыз) қоса алғанда өсідік майының тұтынушыға түпкі бағасы 700-750 теңгені құрайды. Егер ресейлік шикізатты өңдейтін болса өндірістік шығындар, маржа және сату үстемесін қосқанда 1 литріне 1 мың теңгені құрайды.

 Анықтама үшін: Ресейден тасымалданатын май дақылдарына баға 1 тоннасына 45 мың рубльді құрайды. Логистикалық шығындарды ескептегенде май дақылдарының ҚҚС-ты есептегенде бағасы – 294 мың теңгені құрайды.

 Биыл кәсіпкерлерге 26 хабарлама беріліп, 6 тергеу ісі басталды. «Атамекен» бизнесті қорғау мақсатында монополияға қарсы органның кәсіпкерлердің іс-әрекетіндегі заң бұзушылықтар туралы хабарламалар беруін, сондай-ақ олардың тергеуіне тапсырыс беру бойынша іс-әрекеттерін бақылайды.

 «Хабарлама шығарып, заңнаманы бұзу фактісіне теркеуді бастау үшін монополияға қарсы комитет осындай бұзушылықтардың белгілерін көрсететін дәлелдемелерді анықтау үшін тиісті рәсімдерді жүргізуі керек. Тауар нарықтарына тиісті талдаулар жүргізіп, алдын-ала сөз байласу, келісіп алуға күдікті кәсіпкерлердің доминанттығы үлесін белгілеу, өнімдер мен басқа тауарлардың өсу себептерін анықтау қажет. Біз барлық жағдайларды монополияға қарсы органның осы процедураларды орындауын талдаймыз және кәсіпкерлерге монополияға қарсы органмен өзара әрекеттесу кезінде олардың құқықтарын қорғауға көмектесеміз», – деді «Атамекен» ҰКП Бизнес-реттеу және бәсекелестікті дамыту департаменті директорының орынбасары Мұрат Оспанов.

Жыл басынан бағасы 20 пайызға артқан тағы бір тауар – тауық жұмыртқасы. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес осы жылдың қаңтар-наурызында жұмыртқаға бағалар 20 пайызға өсіп, 10 данасына 396-дан 475 теңгеге дейін артқан. Осы ретте 2020 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың қаңтарына дейін бағалар 30,7 пайызға өсті.

Саладағы мамандар өнім қымбаттауының бірнеше себебін атап өтуде: тауық тұмауының өршуіне байланысты құс санының төмендеуі, жем-шөпке бағалардың артуы (2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы жемдік астыққа баға 24%-ға, жомға 19%, күнбағыс және рапс күнжарасына 13%-ға артты), мемлекеттік қолдаудың төмендеуі, жоғары ретро-бонустар және электр энергиясына тарифтердің көтерілуі (6 ай ішінде электр энергиясына баға 20 пайызға өскен) орын алған.

 «Кәсіпкерлер баға көтеруге, әсіресе әлеуметтік маңызы бар өнімдерді қамбаттатудан тартынады, өйткені нишаны жоғалтып аламыз деп қорқады. Егер отандық өндіруші ішкі нарықта тартымды бағаны белгілемесе, онда импорттаушылар сөрелерді демде басып алады. Біз межелі бағаларды талқылауды ұсынып отырмыз, өндіріске шығындарды есепке алмай кәсіпкерді бағаны түсір деп мәжбүрлеу мүмкін емес», – деп қорытындылады Шыңғыс Темір.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер