Мереке күндері сауда-ойын-сауық орталықтары мен Алматы базарлары жұмыс істейтін болады
Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы мереке күндері сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар мен сауда желілерінің жұмыс уақытын өзгертуіне қол жеткізді. Сондай-ақ, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысына сәйкес қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс уақыты ұзартылды.
10 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес оңтүстік астана «қызыл» аймақта орналасуда. Бұл жағдайға байланысты карантиндік шаралар күшейтіліп, қалалық билік мониторингтік топтардың жұмысын күшейткен еді.
Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің қатысуымен шағын және орта бизнес өкілдері үшін тұрақты түрде кездесулер өткізіп тұрады. Мұндай пікірталастардың басым міндеттері азаматтардың өмірін, денсаулығын және қауіпсіздігін сақтау ғана емес, сонымен қатар бизнестің мүдделерін қорғау, бірқатар шектеу шараларына байланысты кәсіпкерлер тап болатын мәселелерді шешудің жаңа жолдарын іздеу болып табылады.
Осындай кездесулердің арқасында бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысында кәсіпкерлердің ұсыныстары ескеріліп, кейбір тармақтар өзгертілді.
Қоғамдық көлік (қалалық және қала маңындағы маршруттар):
- жұмыс күндері – штаттық режим бойынша, демалыс және мереке күндері – таңертең 6:00-ден 10:00-ге дейін; кешке 17:00-ден 22:00-ге дейін.
Сауда:
- сауда орталықтары жұмыс күндері - сағат 10:00 – ден 21:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері – жұмыс жасауға тыйым салынады; мереке күндері – сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін;
- сауда желілері мен жеке тұрған азық-түлік емес дүкендердің 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс жасауларына рұқсат етілді;
- жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес), ашық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес) жұмыс күндері – 06:00-ден 17:00-ге дейін; сенбі және жексенбі күндері – жұмыс жасауларына тыйым салынады; мереке күндері – 10:00-ден 17:00-ге дейін;
- азық-түлік дүкендері, минимаркеттер сағат 06:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істейді.
Қоғамдық тамақтану орындары:
- қоғамдық тамақтану объектілеріне (үй–жайда), оның ішінде СОСО-да, СҮ-де орналасқан жеке кіру есігі бар объектілерге сағат 7:00-ден 21:00-ге дейін, толымдылығы 50% - ға дейін, бірақ 30-дан аспайтын, жазғы алаңдарда – 50-ден аспайтын; алып шығуға және жеткізуге – уақыт шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
- СОСО-да, сауда үйлерінде орналасқан қоғамдық тамақтану объектілері мен фудкорттарға СОСО және CY-нен тыс жерлерге шыгару және жеткізуге жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
- «Шымбұлақ» ТК-да орналасқан қоғамдық тамақтану объектілеріне - сағат 7:00-ден 21:00 - ге дейін тек жазғы алаңдарының жұмыс істеуіне рұқсат етіледі (алып кету және жеткізуге - уақыты шектеусіз).
«Ashyq» пилоттық жобасын іске асыруға қатысатын объектілерді қоспағанда, бильярд, компьютер клубтарына, боулинг орталықтарына жұмыс істеуге тыйым салынады.
Қаулы 2021 жылғы 20 наурыздан бастап күшіне енеді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: