«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ШЫМКЕНТТЕ «БИЗНЕС-ПРАКТИКУМНЫҢ» ЕКІНШІ ЛЕГІ БАСТАЛДЫ

2021 жылғы 16 Наурыз
- Шымкент қаласы
8584 просмотров

Шымкенттік кәсіпкер Фатхулла Насыров жоғары оқу орындарының студенттері үшін арнайы әзірленген өз бағдарламасы бойынша тыңдаушылардың екінші легін оқытуды бастады. 

Аптасына екі сағаттан үш ай бойы, табысты кәсіпкер жастарды кәсіпкерлікке, экономика мен бухгалтерияға тегін оқытады, бұл ретте жеке тәжірибесімен бөлісе отырып, өңірдегі басқа да табысты жобалардың үлгісінен шағын бизнестің құпияларын ашады.
Фатхулла Насыров – «АГФ group» ӨК» ЖШС тігін фабрикасының тең құрылтайшысы, «ARUA» төсек-орын дүкені желісінің иесі, «ARUA» және «SUAVE» халықаралық брендтерінің иесі - ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге бизнесін құру туралы кезең-кезеңімен айту, өнімді жылжыту, жеткізу географиясын кеңейту және бизнесті масштабтау, сондай-ақ экономикалық және құқықтық аспектілерді түсіндіру маңызды деп санайды.
Жақында аяқталған бизнес-курстың алғашқы легінің тыңдаушыларының бірауызды пікірі бойынша, кәсіпкерлерге тән көптеген жаңа қасиеттерді дамытуға көмектесті.

«Бірінші лектің нәтижелері бойынша бағдарлама өзінің тиімділігін көрсетті. Есептік презентациялар өте жоғары деңгейде өтті. Кейбір түлектердің айтуынша, оқу олардың көптеген нәрселерге көзқарасын өзгертті. Топқа материал алу қызықты болатындай етіп жасауға тырыстым, көптеген мысалдар мен көрнекі жағдайлар болды. Сонымен қатар, мен өзім үшін баға жетпес тәжірибеде алдым, тыңдаушылардың өздерінен бизнес әлеміндегі соңғы трендтер туралы көп нәрсе білдім, яғни өзара оқу болып шықты. Екінші лекті қуана бастаймын», - деп атап өтті Фатхулла.


Кәсіпкер атап өткендей, ол өз бағдарламасын үнемі жетілдіріп отырады және екінші лек үшін көптеген жаңа материалдарды қосты. Өйткені, бизнес-процестер бір орында тұрмайды, мәселен, маркетинг және бизнес саласы қарқынды өсуде.
Жаңа топқа әр түрлі жастағы студенттер жиналды, тіпті жоғарғы оқу орындарының түлектері де бар. Олардың барлығын өз бизнесін құруға деген құштарлық біріктіреді.


«Біз осындай бастамаларды қолдаймыз және бизнесті болашақ кәсіпкерлермен тәжірибе алмасуға шақырамыз. Бұл курс - бір реттік жоба емес, оны кеңейтуге және жүйеге келтіруге ниет бар», - деп кәсіпкердің жобасын қолдаған Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер