«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шымкентте 6 бизнес субъектісін заңсыз тексеруге жол берілмеді

2021 жылғы 12 Наурыз
- Шымкент қаласы
10984 просмотров

Прокуратура және Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуына қарсы шықты

Шағын бизнесті тексеруге мораторий жарияланғанына қарамастан бақылаушы органдар тексеру жүргізу үшін заңнамалық актілерде ілік іздейді.   

 Өткен жылдың аяғында Шымкент қаласындағы Сәулет, қала құрылыс және жер қатынастары басқармасы 11 шағын кәсіпкерлік субъектісін («Сигма» ЖШС, «Фишер», «Pilsner», «Прага 9», «Тропикана», «Grand Bereke», «Глобал», «Аль-Хаят» кафелері және басқа да) тексеру туралы шешім қабылдаған.

 Осы жылдың 13-14 қаңтар аралығында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы аталған нысандарды тексеріп, заң талап еткендей, оларды ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер басқармасында тіркеуге тырысады. Бұл ведомствода мамандар материалды егжей-тегжейлі зерттеп, тексеру тағайындау туралы нұсқамамен келіспеді, өйткені 11 нысанның 6-сы жеңіл конструкциялардан жасалған объектілерге сәулет-жобалық тапсырмасы болмағандықтан ғана тексерулер тізіміне енгізілген. Ал ҚР Президентінің мораторий енгізу туралы  жарлығында жергілікті атқарушы органның бірінші жетекшісінің ұйғарымымен тексерулер адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген жағдайда жүргізілетіні жазылған. Демек, бақылаушы органдар тексеру жүргізуіне нақты негіздеме керек. Бұл жағдайда негіз жоқ. Құқықтық статистика және арнайы есептер басқармасы тексеру туралы шешімді тағайындау заңдылығын тексеру үшін Шымкент қаласы прокуратурасына жіберді.

 Соның нәтижесінде Шымкент қаласының прокуратурасы тарапынан  6 субъектіге тексеру жүргізу туралы шешім қабылдау бөлігінде  жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу практикасын тоқтату және ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес және кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін тексерулер жүргізу туралы шешім қабылдау тұрғысынан заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жасалды.

Нәтижесінде тексеру жүргізілетін тізімнен 6 бизнес нысаны алынып тасталды, кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 Қала прокуратурасы, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер басқармасы және Шымкент қаласы ӨКП-ның өзара жұмысы арқылы бизнестің 6 субъектісінің құқығы қорғалып, заңсыз тексеру жүргізуге жол берілмеді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер