«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстандағы ірі мемлекеттік холдингтермен серіктестікке бастама көтеріп отыр

2014 жылғы 29 Сәуір
9090 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» мен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» еліміздегі кәсіпкерлікті қолдау үшін күш біріктіреді, деп хабарлайды Palata.kz.

28 сәуірде Астанада Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» мен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» басшыларымен жұмыс кездесулері өтті.

Кездесу барысында Ұлттық палатаның басшысы отандық кәсіпкерлерді қолдауда ірі мемлекеттік холдингтердің күшін біріктіруді ұсынды. Ұлттық палатада аккредиттеуден өткен салалық қауымдастықтар мен қазақстандық кәсіпорындарды орта және ұзақ мерзімді келісім-шарттармен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ және «Бәйтерек» холдингі, олардың еншілес компаняиларымен қоса, сатып алулары арқылы қамтамасыз ету – осындай қолдаудағы айтарлықтай шаралардың бірі. Бұдан маңыздылығы кем болмайтын келесі бір шара өзара пайдалы шарттарда мемлекеттік-жеке серіктестікті ынталандыру бола алады.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басшысы Тимур Құлибаев былай деп атап кетті: «Біз елдегі бизнесті дамыту мәселелерінде серіктес болуға тиіспіз. Бұл біздің ортақ стратегиялық міндетіміз және келісіп жасаған істен ғана оның орындалуының тиімділігіне қол жеткізе аламыз».

Тараптар жуық арада меморандумдарға, оның соңын ала дайындалған әрекет жоспарлары бар келісімдерге қол қоюды ұсына отырып, алда тұрған бірлескен жұмыстың егжей-тегжейі мен механизмдерін талқылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер