«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» және Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы 2021 жылға Жол картасына қол қойды

2021 жылғы 09 Наурыз
7216 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП және Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы 2021 жылға Денсаулық сақтауды реформалауды әдістемелік қолдау жөніндегі жол картасына қол қойды

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева   қол қойылған Жол картасы ағымдағы жағдайға талдау жүргізу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында жұмыс істеп жатқан бизнес-қоғамдастық өкілдерінің ұсыныстары негізінде әзірленгенін атап өтті.

 «COVID-19-бен орын алған ситуация денсаулық сақтау саласындағы теңгерімсіздіктерді айшықтады. Дәріханалар мен стационарлардағы дәрі-дәрмектердің жетіспеуі, медициналық ұйымдар мен зертханалардың шамадан тыс жүктелуі, халықпен кері байланыстың жолға қойылмауы – бұл форс-мажор ғана емес, ағымдағы процестер мен НҚА-дағы кемшіліктің көрінісі. «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК-мен жасалған жол картасы – осы жылға іс-әрекеттердің жоспары. Жеке медициналық қоғамдастық пен «Атамекен» ҰКП халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді одан әрі дамыту және инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі жұмыстарға белсенді қатысуға дайын», – деді Юлия Якупбаева.

 Жол картасы келесі 7 бағыт бойынша іс-шараларды іске асыруға негізделген:

 -электронды денсаулық сақтаудың стандарттары мен реттеушілік базасын дамыту;

- стратегиялық басқару және Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын есепке алудың ұлттық жүйесі деректері негізінде адами ресурстарды дамыту;

- Қазақстан Республикасында бәсекеге қабілетті фармацевтикалық өндірісті жерсіндіру үшін қажетті бәсекеге қабілетті өнімді анықтау;

 -денсаулық сақтау ұйымдарының желісін, РМК жаңарту арқылы инфрақұрылымды жақсарту тұрғысынан жетілдіру;

- халыққа медициналық көмекті одан әрі дамыту бойынша денсаулық сақтау қызметін әдістемелік қолдау;

- денсаулық сақтау шығындарының тиімділігін арттыру;

- телемедицинаны (пациент-дәрігер, дәрігер-дәрігер) кеңінен енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

 Жол картасы шеңберінде PACS жүйелерімен (picture archiving and communication system) жұмыс істеу әдістемесін құруға арналған ұсыныстар әзірленеді. Осындай жүйелермен жұмыс істеу қажеттілігі әсіресе Covid-19 пандемиясы кезінде байқалған. Сондай-ақ жаңа технологиялар мен медициналық туризмнің (кардиохирургия, нейрохирургия, ЭКО, онкология және т.б.) өсу нүктелері болатын «бірегей» орталықтарын белгілеуге баса назар аударылған.

 Денсаулық сақтаудың жеке секторын дамытуға басқару шешімдері қабылдау  және «бос нишаларды» іздеу үшін денсаулық сақтау инфрақұрылымына түгендеу жүргізу (медициналық ұйымдар, медициналық техника, мамандар)  және медициналық қызметтердің жекелеген түрлері бойынша өңірлердің мамандануын талдау жоспарланған.

 «Атамекен» және бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстары «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК тарапынан қолдау тапты.

 «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК денсаулық сақтауды реформалауды әдістемелік қолдау тұрғысынан «Атамекен» ҰКП-мен белсенді ынтымақтастықты көздейді. 2021 жылға әзірленген Жол картасының түпкі мақсаты – ҚР медицина саласындағы түйткілді мәселелерді шешу және саланы дамытуда медициналық ұйымдар мен қызметкерлерінің   тиімділігін жоғарылату негізінде медициналық көмектің сапасын арттыру болмақ», – деді ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК Басқарма төрағасының м.а. Камалжан Надыров.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер