«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ МАЛДЫҢ МАЙЫНАН ИІС САБЫН ШЫҒАРАДЫ  

2021 жылғы 09 Наурыз
- Маңғыстау облысы
6962 просмотров

Түпқарағандық Жеңіс Алашабаев малдың майы мен түрлі шөптердің қосындысы арқылы ақ сабын шығару ісін бастады. Айтуынша, ол осы уақытқа дейін 72%-дық кір жуатын сабын мен ұнтақты  сатылымға шығарып жүрген. Бүгінде ол ақ сабын шығару жолында ізденіп, жаңа құрам ойлап тапты. Ерекшелігі – таза қойдың майы, итшоған шөбі мен эфир майының құрамымен дайындалады.

«Бұл ақ сабынды сыртқы матасымен бірге қолдана береді. 100 теңгеге ұсынып отырмын. Табиғи өнім болғасын, өте жақсы көпіреді. Жасалу технологиясын мемлекеттік стандартқа сай және өзімнің ізденісіммен жасап шықтым. Бұл тұрғыда ғаламтор желісі арқылы көп зерттеу жүргіздім. Қоспасына түрлі шөптердің қайнатылған тұнбасы мен 100 пайыздық эфир майын қоса қолданамын. Осы істі дамыту мақсатында ізденіп, ақ сабынның өндірілуіне жол таптым. Ақ сабынды 1 күнде 100 штук шығару мүмкіндігі бар. Енді тауарлық сапасы мен қораптау жағын қолға алмақпын.  Ол үшін кәсіпкер ретінде тіркеліп, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы курстарынан өтуге шешім қабылдадым», - дейді Жеңіс Алашабаев.

Бағасы халыққа тиімді, құрамы химиялық қоспасыз жергілікті өнімді алдымен Жеңістің ағайын-тумаластары алып бастаған. Аптасына 100-ден 300-ге дейін сабын шығарып отырған Жеңіске дүкендерден де ұсыныстар түсуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер