«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда «Жыл кәсіпкері – 2014» байқауы бастау алды

2014 жылғы 29 Сәуір
9001 просмотров

Ernst & Young компаниясы Қазақстанда «Жыл кәсіпкері – 2014» байқауының басталғандығы жайлы хабарлайды. Жеңімпаз 2015 жылдың маусымында Монте-Карлода өтетін халықаралық байқаудың финалына Қазақстан Республикасы атынан қатысады.

Қазақстанның барлық өңірлерінен өз бизнесінің табысқа жету тарихымен бөлісуге дайын кәсіпкерлер байқауға қатысуға шақырылады.

Компания айналымының өсу динамикасы, пайданы арттыру және жұмыс орындарының саны – сандық көрсеткіштерімен қатар, іскерлік тәжірибедегі жаңашылдық деңгейі, өзіндік өнім шығару, маркетинг және тұрмыс саласында шығармашылық шешімдер, ұлттық және халықаралық нарықтарды игеру деңгейі, стратегиялық даму ерекшеліктері, қызметкерлерді дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру, бірлескен әлеуметтік жауапкершілік саласындағы бастамаларды жүзеге асыру, көшбасшылық, сонымен қатар кәсіпкердің абыройы мен жеке тұтастығы – сапалық көрсеткіштері жеңімпаздарды анықтау белгілері болып табылады.

Қазақстандағы «Жыл кәсіпкері – 2014» байқауы EY Entrepreneur Of The Year Awards халықаралық бағдарламасының бір бөлігі болып табылатынын атап өткен жөн. Бұл байқау 25 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді және кәсіпкерлік саласындағы халықаралық байқаулар арасында ең беделді және танымал болып саналады. Байқау географиясына әлемнің 60 елі енеді.

«Жыл кәсіпкері – 2014» байқауына қатысуға өтініштер 2014 жылдың 30 маусымына дейін қабылданады. Толық ақпаратты www.ey.com/kz/eoy сайтынан таба аласыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер