«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қостанай облысында карьерлік жүк көліктерін жүргізетін қыз-келіншектердің алғашқы бригадасы пайда болды

2021 жылғы 04 Наурыз
- Қостанай облысы
8988 просмотров

«Профи» оқу орталығы» ЖШС-нда 9 қыз-келіншек әйел адамдарына ауыр мамандық түрін оқып шықты. Қазіргі таңда арулардан құралған бригада Комаров тау-кен кәсіпорнында жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы хабарлады

 Карьер жүк көлігінің жүргізушісі мамандығын ханымдар 3 ай бойы қысқа мерзімді курстарда игеріп шықты. Біліктілікке емтихан тапсырған соң олар жұмысқа бірден кірісті.

 «Өзінің Қазақстан халқына жолдауында Мемлекет басшысы кәсіптік білім беруді қалыптастыру және экономиканың барлық салаларында мамандарды дайындау жүйесін жақсарту бойынша нақты тапсырма берді. Білім беруде – дуальді білім беру жаңа бағыты пайда болды. Оқу шеңберінде білім алу оқу орнында емес, кәсіпорында көбірек өтеді. Демек оқу уақытының 60-70 пайызын болашақ мамандар өндірісте болады. «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС – стратегиялық серіктестеріміздің бірі. Былтыр біз карьерлік автосамосвал жүргізушілерін дайындауға келісімшарт  жасастық. Осы жолғы курсқа қатысушылардың барлығы қыз-келіншектер болғаны сирек құбылыс. Орталығымыз түлектермен үнемі байланыста, оқу жайында пікірлер легі оң», – деді «ПРОФИ» оқу орталығы» ЖШС директоры Андрей Бабич.

Оқу орталығы «Атамекен» ҚР ҰКП Оқу орталықтары тізіліміне 2018 жылы енгізілген. «ПРОФИ» оқу орталығы» ЖШС өңірдегі тағы 35 оқу орнымен қоса «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысып жатыр. Аталған бағдарлама арқылы жұмыссыздар тегін білім ала алады.

 «Тізілімде колледж, кәсіпорындар жандарында оқу орталықтары және жекелеген оқу орталықтары бар. Осы оқу орындары білікті мамандарды шығарып, олардың еңбекпен қамтуға атсалысады. Оқу орталығын Тізілімге алу кезінде оның өз түлектерін жұмыспен қамту пайызы ескеріледі, көрсеткіш ең кемі 60 пайызды құруы тиіс. Бұл білім беру ұйымы бағаланатын басты көрсеткіштердің бірі, демек қандай да бір оқу орнына жіберілген адам, түбінде жұмыспен қамтылуы тиіс», – деп түсіндірді Қостанай облысы ӨКП сарапшысы Сания Иментаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер