«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР Кәсіпкерлер палатасы бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің Ұлттық тұжырымдамасы жобасының тұсауын кесті

2014 жылғы 28 Сәуір
8972 просмотров

Бүгін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Орталық Азияның Еуразия Қоры» Корпоративтік Қоры дайындаған бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің Ұлттық тұжырымдамасы жобасының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Palata.kz.

2012-2014 жылдарға Бас үш жақты келісім аясында «Бизнестің экономикалық мотивациясына негізделген, Қазақстандағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің Тұжырымдамасы жобасын» дайындау бойынша міндет қойылған болатын.

Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасындағы корпоративті әлеуметтік жауапкершілікті өркендетудегі бірыңғай ұстанымды дайындау болып табылды.

Тұсаукесер аясында негізгі бағыттар, тұжырымдамалық ұстанымдар, сондай-ақ КӘЖ бойынша Ұлттық тұжырымдаманы қабылдаған соң оны жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Талқылау аяқталған соң Тұжырымдама жобасы кеңінен талқыға салыну үшін барлық бизнес-қауымдастықтарға жолданатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер