«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Наубайхана өндірісі электр көзін ажырату салдарынан тоқтап тұр

2021 жылғы 25 Ақпан
- Маңғыстау облысы
5323 просмотров

МО кәсіпкерлер палатасының Мұнайлы аудандық филиалына жеке кәсіпкер У. Нурмуханова наубайханаға «АльянсЭнергоСнаб» ЖШС-нің электр көзін ажырату салдарынан өндірісі тоқтап тұрғанын айтып, шағымданды. Кәсіпкермен ӨКП кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Асылбек Жарылғасов кездесіп, жағдайдың мән-жайына қанықты. Пандемия жағдайында кәсіпті толық қуатында жүргізу мүмкін емес, соның салдарынан коммуналдық төлемдерді өтеу проблемасы бірқатар кәсіпкерлерді мазалап отыр. Осы орайда кәсіпкерге заңды шаралар қабылдауға кеңес берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер