«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директорына медаль тапсырылды

2021 жылғы 23 Ақпан
- Маңғыстау облысы
3611 просмотров

«Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы» ҚБ төрағасы Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаевқа мерекелік медаль табыс етті.  Қоғамдық бірлестік жұмысына қолдау білдіріп, оның шараларына ат салысқаны үшін, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие мен отансүйгіштік қасиеттерді дарытуға мүмкіндік жасағаны үшін алғыс та білдірді.  

Маңғыстау облысында 700-ге жуық ардагер тұрады. Олар бір шаңырақтың астында бас қосып, іс-шараллар, өз жиындарын өткізуге мүмкіндігі бар. Қоғамдық бірлестіктің мақсаты – бірлік пен достық.

-Бұл мекемеде әр түрлі этнос өкілдері қызмет атқарады. Біз олармен бірлесіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, келісіп,  жұмыс жасауды жоспарлап отырмыз. Елдікке, бірлікке үндейтін іс-шараларға белсене ат салысамыз. Жастарға қолдау көрсетіп, мектептерде патриоттық тәрбие беруге арналған іс-шаралар өткізуіміз керек. Бұл – ардагерлер үшін қаланың қоғамдық өміріне араласуға үлкен мүмкіндік,-дейді кеңес төрағасы..

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер