«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан Республикасында 2014 жылдың соңына дейін бизнестің Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің Ұлттық Тұжырымдама бекітілетін болады

2014 жылғы 28 Сәуір
8820 просмотров

Қазақстанда 2014 жылдың соңына дейін Корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің Ұлттық Тұжырымдамасының бекітілуі жоспарлануда, деп хабарлады ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің Төрағасы Талғат Доскенов.

«Бүгінгі күні сарапшылардың қатысуымен Тұжырымдамаға ұсыныстар жасалып шықты. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аталмыш тұжырымдаманы 2014 жылдың соңына қарай қабылдауды жоспарлап отыр», - деп жеткізді Талғат Доскенов KIOSH-2014 конференциясының аясында «Қазақстан Республикасындағы еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары» сессиясында алған сөзінде.

Сонымен бірге Тұжырымдаманы қабылдаған соң оның жетістікпен жүзеге асырылуы үшін КӘЖ қағидаларын жүзеге асыру Жоспарын қабылдаған дұрыс, онда жұмыс берушілер мен ҰКП мүшелерінің ең маңызды әлеуметтік бағдарламаларына тұрақты мониторинг пен оны жүзеге асыруды қарастыру қажет.

Сондай-ақ, ҚР ҰКП Төралқасы мүшесінің ойынша, әлеуметтік жауапты компанияларды моральдық ынталандырудың мемлекеттік және қоғамдық жүйесін, сонымен бірге сыйлықақылар мен марапаттар ұйымдастыру қажет. 

«Қаржылық емес есептіліктің халықаралық стандарттары базасында компанияның әлеуметтік есебін құру қажет, бұл капиталдың жаһандық және көптеген ұлттық нарықтарына жол ашады. Әлеуметтік аудит – компанияның материалдық активтерді басқаруының, акционерлерді ақпараттандырудың, қоғам әріптестігінің тиімді аспабы. Бұл әлеуметтік сұхбат үшін жағдай жасайды. Есептілік – бұл ең алдымен басқарудың аспабы. Ал әлеуметтік қаржылық емес есептілік – ақпараттық ашықтықты көтеруге арналған құрал, жауапты іскерлік тәжірибенің көрінісі», - деп қорытындылады ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер