«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен», Kazakh Tourism және Мәдениет министрлігі ішкі туризмді дамытуда күш біріктірмек

2021 жылғы 25 Ақпан
8298 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 2021 жылға Туризмді дамыту жол картасына қол қойды

 Жол картасы туристік өнімді әзірлеу, туризмнің жекелеген түрлері: балалар-жасөспірімдер туризмі медициналық және сауықтыру туризмі, қолөнер шеберлігін дамыту, сондай-ақ туристік өнімді ілгерілету бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған. «Бүгін 2021 жылға үшжақты жол картасына қол қою саланың жекелеген бағыттарын қоса алғанда оның ары қарайғы дамуы, сондай-ақ бірлескен ұсыныстар әзірлеу туристік өнімдерді қалыптастыру және инфрақұрылым мәселелерін шешуде тиімді механизмге айналады.  

 «Жол картасы – осы жылға іс-әрекеттердің нақты жоспары. Осы жылы құжатқа қол қоюшы ретінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қатысып жатқанына қуаныштымыз. Картаның барлық іс-шаралары нарық үшін маңызды болғандықтан біздің уәкілетті орган және Қазақтуризммен бірлесіп атқарған жұмысы бір бағытта болатыны бизнес үшін бағдар. Өткен жылы бастау алған инфрақұрылымды және туристік өнімді жақсарту жөніндегі іс-шаралардан басқа, цифрландыру, аңыз-әңгімеге сүйенген туризм, медициналық және экологиялық туризм, кадрларды даярлау және тағы басқа  тармақтар қосылды», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

Өткен жылы осыған ұқсас Жол картасына қол қою тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп, нарық тарапынан жағымды пікір тапты. Жол картада белгіленген іс-шараларды іске асыру – елдегі туристік өнімді дамыту механизмдерін жан-жақты талдау және жаңарту, қолөнер шеберлері жұмысын оңтайландыруға, сонымен қатар проблемалық мәселелерді шешу және туризм түрлерін дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді.

 «Құжат туризм саласын ілгерілетуге көмектеседі. Биыл саланы дамытуды жалғастырамыз, қазақстандықтар мен Қазақстанға келген қонақтардың елімізге келуіне  мүмкіндік жасалуы үшін жаңа нысандар ашылып, жұмыс орындары құрылады. Өткен жыл қиын болды, біз жіберіп алған мүмкіндіктердің орнын толтыруымыз керек, ал Үкімет өз тарапынан бұл салаға үлкен көңіл бөлуде. Биылғы жылы дамытуға 1 трлн теңге бөлініп, 22 мың жұмыс орны құрылмақ. Құжат туризм индустриясын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді деп сенемін», – деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидулла Абдрахимов.

Еске салсақ, осыған ұқсас Жол картасы 2020 жылы «Атамекен» ҰКП және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ арасында жасалған. Жол картасы ұлттық туристік өнімді қалыптастыруға бағытталды.

 «Пандемия қиындықтар, қаржының қысқаруы, қаражат және бизнесті қолдау құралдарының шектелуіне қарамастан 2020 жылғы Жол картасының іс-шаралары арқылы өткен жыл өнімді өтті. Құжат арқылы бағдар алған бағытымыз жалғасын табуы керек, ал министрліктің бізге қолдау білдіргені құжат қолдануын тереңдете түседі. Өзімізге алған міндеттемелерді орындауды жалғастырамыз, әсіресе осыған дейін назар мен қолдауға ілікпеген бағыттар нысанға алынады», – деді Kazakh Tourism Басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев.

 Жол картасы аясында шипажай-курорттық нысандарды түгендеу, қолөнер мен агротуризм бойынша кешенді және экспедициялық зерттеулер бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді, мектеп оқушылары үшін білім беру экскурсияларын ұйымдастыру үшін «Жанды сабақ» пилоттық жобасы жүзеге асырылды, және танымал туристік маршруттар үшін қажетті инфрақұрылым анықталды.

Ұлттық туристік өнімді қалыптастыру бойынша тараптардың күш-жігерін біріктіру бастамасына туристік нарық тарапынан оң баға берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер