Сұйытылған газды бөлшек сатуда шекті бағаларды реттеу тоқтатылады
ҚР Энергетика министрлігі және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жанармай құю станциялары үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек сатуға шекті баға белгілеу туралы бірлескен бұйрығы 1 наурыздан бастап тоқтатылады.
Бірлескен бұйрық 2020 жылдың 3 сәуірінде төтенше жағдай уақытында сұйытылған мұнай газына бағаларды тұрақтандыру мақсатында қабылданған. Алайда төтенше жағдай тоқтаған соң құжат күшін жоймай, бөлшек бағаларды реттеуге қолданылып келді.
«Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерді қолдау мақсатында мемлекеттік органдарға бірлескен бұйрықтың қолданылу мерзімін белгілеу туралы ұсыныстармен бірнеше рет жүгінген болатын. Мерзімі ұзартылған жағдайда кәсіпкерлерге штатты мен қызметкерлердің еңбекақыларын қысқартуға қатысты шаралар қолданылуы керек еді.
Қазіргі кезде бірлескен бұйрықтың жобасы ҚР Әділет министрілігімен мақұлданып, тіркелді. Жуық арада БАҚ-та ресми жариялау күтілуде.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: