«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Есікті бұзып кіргені үшін жазаланады

2021 жылғы 18 Ақпан
5792 просмотров

Мониторингтік топтың мүшелері кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін алғаш рет жауапқа тартылады

Еске салсақ, ақпан айының басында Оралда тексеруші топ «Level» компьютер клубының есігін сындырып, нысанға заңсыз тексеру жүргізген. Бизнес иесі бақылау камераларындағы жазбаны әлеуметтік желіге салды, аталған бейнежазба барлық жергілікті және республикалық БАҚ-та тез тарап кетті. Бұл іске Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары, сондай-ақ облыстық прокуратура араласты.  

 Прокуратураның егжей-тегжейлі тексеруінен кейін БҚО әкімдігіне заңсыз әрекет еткен өкілетті тұлғаларға қатысты шара қолдану және тәртіптік жазаға тарту үшін алғаш рет ұсыну жіберілді.

 «Біз мониторингтік топтар қызметіне жүйелік тәртіпте мониторинг жүргіземіз. Әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы материалдарға талдау жасадық. Орал қаласы бойынша мониторингтік топтың жетекшісі Аслан Жармұхановтың әрекеті негізінен аса өрескел деп қабылданған. Көп жариялым бойынша топтың басшысы кәсіпкердің құқығын бұзып, өз қызметін асыра пайдаланғаны көрініп тұр. Түрлі бизнес нысанында есікті бұзып күрудің 4 фактісі анықталған. Бүгінде біз БҚО әкімдігі атына тәртіптік жазаға тарту бойынша ұсыныс жолдадық», – деп хабарлады Облыстық басқарманың прокуроры Азиз Нияров.

Сонымен қатар, Кәсіпкерлер палатасы барлық іс-шаралардың нәтижелерінен басқа, осы нақты жағдай бойынша және тұтастай алғанда, мониторинг топтар қызметінің алгоритмі мен кәсіпкерлердің құқықтарын түсіндіре отырып, тікелей эфир өткізді. Аталған оқиғаға «Атамекен» ҚР ҰКП-ның жедел әрекет еткенін атап өткен жөн, Палата өз кезегінде ҚР Бас прокуратурасына мониторингтік топ әрекеттерінің заңдылығын тексеруге қатысты хат жолдады.

«БҚО Кәсіпкерлер палатасының мамандарына жедел кірісіп, кеңес беріп, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін. Олардың көмегінсіз мен тез әрекет етпес едім. Осы бейнежазбаны желіге салғаным сол-ақ екен, процесс өзі ілгерілеп кетті», – деді клубтың иесі Дмитрий Протасов.

«Қазіргі кезде кәсіпкерлерді мониторингтік топтардың жұмысы, олардың нысандарды тексеру заңдылығы, мониторингтік топ мүшелерінің әректтері алаңдатады. Топтар жұмысына қатысты шағымдар жиелеп кетті. Бұдан бөлек, кейбір мониторингтік топтардың жұмыс істеуінің өрескел әдістері туралы БАҚ беттерінде жазылып жатыр», – деді БҚО ӨКП директорының орынбасары Мағрипа Нигишева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер