«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құрылыс нысандарына сараптама жүргізгісі келетін компаниялар аккредиттеуді 2 сағат ішінде ала алады

2021 жылғы 17 Ақпан
5990 просмотров

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Құрылыс нысандарының жобасын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік қызметті оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі жол картасын бекітті. Жол картасы «Атамекен» ҚР ҰКП қатысуымен әзірленген

 Құжат шеңберінде өкілетті органда жеке сараптамалық ұйымдарды аккредиттеу бойынша мемлекеттік қызметті оңтайландыру және автоматтау жоспарланған.

 «Цифрландыруды енгізу жеке сараптамалық ұйымдарды аккредиттеу мерзімдерін барынша қысқартуға, қызмет көрсету нысанын қағаздан электрондық форматқа көшіруге және электрондық ақпараттық форманы толтыру арқылы құжаттар тізімін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сараптамалық ұйымдар өз қызметтерін аккредиттеуді күтпей-ақ бір ай ішінде бастай алады», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

Қазіргі кезде аккредиттеу мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайды, Жол картасы іске асырылғаннан кейін біл процесті 2 сағатта бітіруге жағдай жасалмақ.

Процесті трансформациялау шеңберінде адами факторды мүмкіндігінше алып тастау және жұмысты «Е-лицензиялау»  порталына беру ұсынылды, мұнда өтінімдерді қабылдау, қарау және нәтиженің бағыты электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтер жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, жұмыс шеңберінде аккредиттеу үшін қажетті құжаттар тізімі қысқарады және жұмыстың қағаз форматы толығымен алынып тасталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер