«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ШИПАЖАЙ КӘСІБІ ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ

2021 жылғы 11 Ақпан
- Маңғыстау облысы
12464 просмотров

Маңғыстаулықтар қай шипажайды қолай көреді?

Ақтаулық тұрғын Алма Үрпекова: «Мен жақында «Арман» шипажайында емделдім. Карантин талаптарын сақтай отырып, барлық емдік шаралар жасалды. Тамақтану тәртібі күніне 4 рет екені ұнады. Емдеу процедуралары өте ұнады. Ішек, асқазан, өт жолдарын тазартуы жоғары дәрежеде екен. Мен осындай жауапты, адал қызметті алғаныма қуаныштымын. Енді жыл сайын келуді жоспарлап отырмын»,- дейді.

Ал, Мұнайлы ауданының тұрғыны Елизавета Қуанышбекқызының айтуынша, шипажайдың суы ерекше әсер еткен. Бет терісі құлпырып, ағзадағы бүкіл қалдықтар шыққан. Өзін өте жеңіл сезініп, сергіп қалды. Су минералдарға бай.

 

«Арман» шипажайы Шымкент шаһарынан 135 шақырым қашықтықта орналасқан. ҚР ІІМ-не қарасты шипажай 1982 жылы ашылған. Содан бері үздіксіз сапалы ем-доммен қамтамасыз етіп келеді. Мұнда өткен жылдың өзінде еліміздің әр өңірінен 4 мың 400-ге жуық адам келіп, шипа алды.

Онда асқазан-ішек жолдарын, қабыну сипатындағы урологиялық несеп-жыныс жүйесі ауруларын, жүйке жүйесі ауруларын, эндокриндік бездердің зат алмасу ауруларын, тері ауруларын емдеуге және гинекологиялық ауруларды, бедеулікті, тірек-қимыл аппараты мен тыныс алу органдарын емдеуге мамандандырылған. Ішекті жуу процедурасы- бұл нәжіс қождарын жою, уытсыздандыру, ағзаның минералды теңгерімін түзету және қалыпты ішек флорасын қалпына келтіру мақсатында тоқ ішек жуылады.Ішек тазартудың қандай әсерлері бар? Уытты өнімдер ағзадан шығарылады және метаболизмді бұзбайды. Қалыпты жағдайды бұзатын қалдықтың шығарылуы ішектің табиғи қозғалыс белсенділігін қалпына келтіреді. Процедура кезінде судың жұмсақ әсері және жеңіл массаж ішек тонусының біртіндеп жоғарылауына және іштің алдыңғы қабырғасының табиғи мөлшерінің қалпына келуіне көмектеседі. Дененің әр мүшесі мен жүйесі рефлекторлық аймақтар арқылы ішекпен байланысады. Ішектерді жуу және жеңіл массаж бұл аймақтардың тітіркенуіне және бүкіл денеге әсер етеді. Емдеу курсына ішек шаюының жалпы санын дәрігер емделушінің жеке ерекшеліктерін, оның ауруының сипатын және осы емдеу әдісіне төзімділігін ескере отырып анықтайды.

Сумен емдеу әдістерінің бірі су асты душ массажы болып табылады. Ол емдік ваннаның бүкіл ағзаға әсерін және 1,5-тен 4 атмосфераға дейінгі қысыммен су ағынының қарқынды механикалық әсерін біріктіретін процедура.

Гидромассаж (су астындағы массаж) -салмақты жоғалтудың, тұла бойды түзетудің, әдемі пішін қалыптастырудың, артық майдан арылудың жылдам әдісі. Aqua массажынан кейін бүкіл дене шаршау мен шиеленістің не екенін ұмытады. Терінің құрылымы мен түсі жақсарады. Ол жұмсақ, серпімді және жас болады. Терінің минералды балансын қалпына келтіреді. Бүкіл денеде икемділік жақсарады остеохондроздың бастапқы формаларында буындар мен омыртқаның қозғалғыштығын реттеуге гидромассаж ең жақсы құралдардың бірі. Зат алмасу қалыпқа келеді. Күш-қуаттың толығуын сезесіз, көңіл-күй мен жұмыс қабілеттілігі артады. Созылмалы шаршау кетеді, жеңілдік, сергектік сезімі пайда болады.

««Арман» санаториясы» АҚ президенті Уәлихан Рахиев: «Бізде жоғары санатты  дәрігерлер мен білікті мамандар еңбек етеді. Шипажай 3 корпустан: бас ғимарат, асхана мен емдеу бөліктерінен тұрады. Бұл емделушілердің кешенді ем-дом алып, тиімді уақыт өткізуіне септігін тигізеді. Ем бальнеотерапия, гидротерапия, физиотерапия, лабораториялық зерттеулер, қосымша ақылы медициналық қызметтер мен бос уақытты оңтайлы пайдалану бағытында ұсынылады»,-деп ой қорытты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер