«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауыл тұрғыны ағаштан бұйым жасап, кәсіп дөңгелетіп отыр

2021 жылғы 16 Ақпан
- Павлодар облысы
6586 просмотров

Ертіс ауылының тұрғыны Жангүл Байкәрімова өз үйіне бірнеше рет  сәндік заттар сатып алған. Табиғи материалдардан жасалған әдемі әрі функционалды бұйымдар қыздың көңілінен шыққаны соншалық, мұндай сәндік заттарыд неге қолдан өзім жасамасқа деген ойға қалады

«Мамандығым – қаржыгер. Менің банк және ломбард саласында жұмыс тәжірибем бар. Алайда, қазір өз қызметімде жаңа бағытты ашқаныма қуаныштымын. Осы кәсіпті бастамас бұрын ағаштан жасалған бұйымдар өзіме сондай ұнайтын. Мені үнемі осындай жұмыстар қызықтыратын, олардың қалай жасалатыны туралы бейнежазбалар, өнімдері бар беттерді қарадым. Мұндай әдемі бұйым ерекше және өте жақсы сыйлық, әр өнімге атау, есімді бедерлеуге болады. Сондай-ақ, менің осы бизнес бағытты таңдауыма бұл ауданда бос нишаның болуы да оң әсер етті», – дейді қолөнер шебері.

 Белсенді келіншектің тәлімгері осыған дейін өзі сатып алып жүрген сәндік бұйымдардың шебері болды. Кәсіпкерлік тәжірибенің болмауы Жангүл ханымды тоқтатпады, 2020 жылы ол «Бастау» жобасына қатысты. 2020 жылы «Бастау» жобасының 125 түлегі мемлекеттік грант алды. Соның ішінде 65 кәсіпкер жеке кәсіпкерлік ашты және 60 түлек бірыңғай жиынтық төлем төлеушілері.

 «Пандемия кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша білім алуға кедергі болмады, өйткені оқу процесі онлайн-режимде өтті. Бұл өте ыңғайлы: кестені өз қалауынша жоспарлайсың. Кәсіпкерлік палатаның аудандық филиалының қолдауымен бизнес-жоспар дайындадым, оны комиссия алдына сәтті қорғап шықтым. 529 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алдым. Осы қаражатқа лазер білдегін алып, жұмысты бастап кеттім. Ағаш, фанера, пластиктан бұйым жасаймын: қобдишалар, кілттұтқа, атаулы сыйлықтар, шежірелер, маңдайша жазу. Мен өнімді әлеуметтік желілер арқылы сатамын. Маған бәрінде көмектесетін жұбайыма рахмет. Мен биыл мөр жасауға арналған шикізат сатып алуды жоспарлап отырмын. Сондай-ақ, болашақта мен өзімнің өнімдерімді өндіру және сату үшін орынжай жалдаймын деп жоспарлап отырмын», – дейді Жангүл Байкәрімова.

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы кәсіпті енді бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер қызметтердің толық спектрін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан ала алатынын еске салады, мекенжайымыз:  Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16. Телефон: 8/7182/ 65-44-15. Сонымен қатар, Павлодар облысының әр моноқаласында және облыс орталығында кәсіпкерлер палатасының филиалдары бар, онда мамандар кеңес беріп, жобаларға жан-жақты қолдау көрсетеді


Еншілес ұйымдар

Серіктестер