«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандықтардың 66%-ы авторлық алым енгізуді әділетсіз деп санайды

2021 жылғы 16 Ақпан
- Алматы қаласы
8561 просмотров

Авторлық алымды енгізу Қазақстанда электроника импортын 2%-ға қысқартуы, сондай-ақ тұрмыстық техниканың айтарлықтай қымбаттауына әкелуі мүмкін.

ҚР Кәсіпкерлік және Бюджет Кодекстеріндегі заң бұзушылықтар, импорттаушылар жүргізген нарықты талдау және авторлық құқықты пайдалануға салынатын салықтың салдары – бұл мәселелер Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасында «КАТЭКС» Қазақстан электр тұрмыстық, компьютерлік техника және күрделі техникалық жүйелер сауда компаниялары мен тауар өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ-ның төрағасы – Сергей Архипкиннің қатысуымен өткен баспасөз конференциясында талқыланды.

Сондай–ақ, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы – Бақыт Зайырқан, ҚР Мәжілісі жанындағы Жұмыс тобының мүшесі, авторлық құқық жөніндегі сарапшы, заң ғылымдарының кандидаты – Темірлан Төлегенов сөз сөйлеген болатын.

«Бүгінгі таңда Қазақстан тұрғындарының авторлық сыйақыны жинаудың ел экономикасы мен халыққа әсерін бағалау және сандық құрылғыларға деректерді көшіру бойынша әлеуметтік-экономикалық зерттеу нәтижелері белгілі болды. Сауалнамаға қатысқандардың 84%-ы авторлық мазмұнды мүлдем көшірмегендерін айтты. Электрониканы пайдаланушылардың көпшілігі олар мүлдем тыңдамайтын, оқымайтын және қарамайтын авторларға шегерім төлеуге мәжбүр болып, сонымен қатар отбасыдағы әр құрылғыдан алым алынуын әділетсіз деп санайды. Авторлық алымның енгізілуі 2022-2023 жылдары импорт үлесінің 2%-ға дейін төмендеуіне әкеледі», - деп «КАТЭКС» ЗТБ-ның төрағасы атап өтті.

Сергей Архипкиннің айтуынша, авторлық алымды енгізу халық үшін тұрмыстық құрылғылар құнының 4%-ға дейін қымбаттауына әкелуі мүмкін. Ел көлемінде бұл өте үлкен сомалар және бұл сома дұрыс бөлу тетігі жоқ жеке компаниялардың қалтасына түседі. Авторлық қоғамдар жиналған соманың 30%-на дейін өздерінің әкімшілік шығыстарына қалдыра алатынын ескере отырып, Қазақстандық авторларға соманың тек аз бөлігі ғана түседі.

Авторлық құқық жөніндегі сарапшы Темірлан Төлегенов Авторлық қоғамдарға қатысты мәселелерді көтерді. Оның пікірінше, олар авторлық құқық рухының беделін түсіреді.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы өкілінің пікірінше, соңғы алушыға (авторға) ақша түсу механизмінің өзі түсініксіз, сондай-ақ бизнеске реттеушілік әсерді талдау ұсынылған жоқ.

Авторлық алым енгізілуі бизнеске де, халыққа да әсер етеді. Қазақстандық авторлар алатын артықшылық қазақстандық бизнес көтеретін шығындармен салыстырғанда мүлдем мардымсыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер