«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оңтүстік астананың жеке меншік балабақшалары 2 жастан бастап балаларға мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болды

2021 жылғы 11 Ақпан
- Алматы қаласы
7742 просмотров

Алматы қаласының жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылданатын балалардың жас шегі төмендеді.

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасына Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығынан жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда қабылданатын балалардың жас шегін 2 жасқа дейін төмендету мәселесін шешу жөнінде өтініш келіп түскен болатын.

«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» және «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» балаларға мемлекеттік дотацияны 2 жастан бастап пайдалану мүмкіндігін көздейді, осыған қарамастан Алматы қаласында тапсырысты тек 3 жастан бастап орналастыру тәжірибесі қалыптасқан.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, бұл ата-аналар мен 3 жасқа толмаған балалардың құқықтарын бұзады, сондай-ақ жеке мектепке дейінгі білім беру саласындағы кәсіпкерлердің құқықтарына қысым жасайды.

2019 жылдан бастап көптеген жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар балаларды толық көлемде бос орындарға қабылдай алмады. Бұның себебі көрсетілген жылы олар 5 және 6 жастан бастап мектепке баруға мүмкіндік алған болатын. Осылайша, балабақшада қалуы мүмкін балалардың көпшілігі мектепке баруға мәжбір болып, бұл балалардың жетіспеушілігіне және жеке мектепке дейінгі мекемелердің мемлекеттік тапсырыс ала алмауына әкеліп соқты.

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы бұл мәселені қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен Өңірлік кеңестің отырысына шығарған болатын.

Осы кездесудің қорытындысы бойынша Алматы қаласының әкімдігі 2021 жылдан бастап жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 2 жастағы балалардың орналасуына байланысты оң шешім қабылданды.

Бүгінде Алматы қаласы білім басқармасының соңғы мәліметі бойынша 2 жастағы балалар саны 32 562.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер