«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНДА СҮТ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

2021 жылғы 10 Ақпан
- Маңғыстау облысы
2227 просмотров

Сүт өнімдерін халыққа қол жетімді бағада ұсыну мақсатында мамыр айында сүт өндіретін кәсіпорын іске қосылады. Бұл туралы  Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары  Бейімбет Сүлейменов мәлім етті. 

«Полимер Пласт Ақтау» кәсіпорны ауданға 100 млн.теңге инвестиция салып, қазіргі уақытта сүт дайындайтын цехтың монтаж жұмыстарының 70 пайызын аяқтады. Кәсіпкер сүт өндіретін құрылғыларды Ресей елінен алған. Осы жылы ашылады деп жоспарланып жатыр»,- деді Бейімбет Сүлейменов.

«Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы» аясында кәсіпкер жалпы сомасы 160 млн.теңге несие алған. Алдағы уақытта жұмыс көлемін ұлғайтып, аудан тұрғындарын жұмыспен қамтуды көздеп отыр.

Бүгінде өңірде 5 сүт өндіретін кәсіпорын бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер