«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Өңірлік палаталары кәсіпкерлердің 2,7 мыңнан астам өтінішін қарастырды

2014 жылғы 28 Сәуір
8631 просмотров

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Өңірлік бөлімшелері кәсіпкерлердің 2 778 өтінішін қарастырып, бизнес үшін 534 әкімшілік кедергіні анықтады, деп хабарлайды Palata.kz.

ҰКП жіберілген өтініштерді қарастыру қорытындысы бойынша 140 нормативтік-құқықтық акті бойынша заңнамаға ұсыныстар енгізілді.

Сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңестің 5 отырысы өтіп, онда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарының бұзулуы мен мүдделеріне шек қоюға байланысты істер қарастырылды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі барлық өңірлердегі Кеңестердің көмегімен ҰКП аясында кәсіпкерлердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесі таныстырылды.

Кәсіпкерлердің арыздарын қабылдауға және кәсіпкерлік мәселелері бойынша кеңес беруге арналған Call-Center ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.

Сонымен, ҰКП кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесі бойынша 381 өтініш келіп түсті, оның ішінде 252 өтініш қарастырылды.

Өз кезегінде, Мәселелер тізілімі Электронды порталы арқылы Кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден 70 өтініш келіп түсті, оның ішінде 43 өтініш қарастырылды. Келіп түскен телефон қоңырауларының саны 4 350, қоңыраулардың ай сайын орташа 25 %-ға өскені байқалады.

Сондай-ақ Бас прокуратура мен Қаржы полициясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумдар мен біріккен жұмыс Жоспарлары жасалды, оның барысында кәсіпкерлердің 30 өтініші оң шешімін тапты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер