СТ-КZ нысанындағы 38 сертификат рәсімделді
CT-KZ тауарларының шығу тегі сертификаттарын алу ережелерін түсіндіру, сондай-ақ CT-KZ сертификаттарын алу кезінде кәсіпкерлерде туындайтын проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер Палатасы жиналыс өткізді.
2020 ж. кәсіпкерлерден тауарлардың шығу тегі сертификаттарын беруге 588 өтінім келіп түсті, оның ішінде 452 - ге сертификаттар ресімделді, 72-ден бас тарту ресімделді, 64 өтінім өтініш берушімен кері қайтарылды. Берілген сертификаттар саны 2019 жылмен салыстырғанда 7% - ға төмендеді. Төмендеу карантиндік шараларға байланысты көптеген тендерлік сатып алулардың тоқтатылуына байланысты.
Бүгінгі кеңесте ӨКП мамандары сертификаттар алу механизмі, сондай-ақ ережелердегі өзгерістер туралы қысқаша айтып берді. Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер палатасында қаңтар айында сертификаттау бөлімімен ішкі өтініш бойынша СТ-КZ нысанындағы 38 сертификат рәсімделді, оның ішінде:
19 машина жасау саласы.
7 химия саласы
2 Мұнай-газ өнеркәсібі
4 құрылыс саласы
4 тамақ саласы
1 жеңіл өнеркәсіп.
Сондай-ақ 348 сертификат экспорттық мақсатта рәсімделді. Оның ішінде:
2 құрылыс саласы (Түрікменстан, Өзбекстан)
3 тамақ саласы (Ресей Федерациясы, Иран, Түрікменстан)
2 Машина жасау саласы (Ресей Федерациясы, Египет)
30 мұнай-газ өнеркәсібі (Швейцария, Сингапур)
311 химия саласы (Украина)
Пікір қалдыру:
Пікірлер: