«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ОТАНДЫҚ ӨНІМГЕ ТЕНДЕРДЕ БАСЫМДЫҚ ЖОҚ

2021 жылғы 03 Ақпан
- Маңғыстау облысы
3681 просмотров

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасынан СТ-КZ сертификатын алған жас кәсіпкер өнімдерін ірі тапсыроыс берушілерге өткізе алмай жүр. Ақтауда балалар мен спорт алаңын құрастыратын кәсіпкер бірнеше рет тендерден қағылып қалды. Отандық өніммен мемлекеттік сатып алуларға қатысқанда Ресейлік тауарлар сұранысқа ие болып отыр. Бизнес жеке тапсырыстармен ғана күнелтіп келеді. Үлкен тендерлерге қатыспасақ шығынға ұшырап, нарықтан кетуге тура келеді деп шағымданады.

 Мәселе мынада, жергілікті атқарушы орган жариялаған тендерлерде  шағын аудан ішілік балалар мен спорт алаңдары кешенді сатып алуларға бірігіп кеткен. Бірнеше қызметті атқару бір ғана мердігерге міндеттелген. Жас кәсіпкер Ерлан Сардарбековке бизнесін кеңейтіп, ірі жобаларға қатысуға мүмкіндік болмады. Ақтаудағы жалғыз бірегей бизнес иесінің қаражаты жетпеген.  

 

"Үлкен тапсырыстар акиматта тендермен ойналады. Оған қатыса алмаймыз. Себебі- алаңдарды үлкен тендер қып абаттандыру ішіне кіргізілген. Онда асфальт, бардюр салу керек. Сомма өте үлкен 400-500 млн тг,"-дейді Ерлан Сардарбеков.

 Балалар алаңын кешенді жоспармен салу «Жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асқан. 9 ойын, 6 спорт алаңы салынып бітті. Бұл карантинде жұмыссыздықты жою үшін жасалған шаралар болды. Қазір ойын алаңдарының тендері жеке жасақталады.  Әкімдік өкілі сатып алуда жергілікті қамту үлесін ұлғайтпайтынын ашып айтты. Керісінше, бәсекеге қабілетті ортаны арттыруға басқа өңірлер мен көрші елден келген қатысушылар қалыптастырмақ. Заң солай.

Айбек Ербөлеков Ақтау қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

-Біз тек бір кәсіпкердің мүддесін қорғап, содан ғана алыңыз деп талап ете алмаймыз. Талап ортақ. Тендерге басқа өңірден, тіпті шетелден де тауардың сәйкестігі туралы сертификаты бар азаматтар қатыса алады. 

Енді жас кәсіпкерге бәсекелес ортада шыңдалуына тура келеді. Кешенді тендер биыл жоқ. Жыл бойы жеке балалар алаңының 10-ын салу жоспарланған. Өткен жылы шаһарда 72 ойын және спорт алаңы жаңартылған болатын.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер