«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Той жасайтын мейрамханалар басқа салаға қарай бағытталуы керек

2021 жылғы 04 Ақпан
- Маңғыстау облысы
5638 просмотров

Алдағы 3 жылда той кәсібінен шектеу алынбайды,— дейді мамандар. Басқосуға Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасында өткен басқосуға директор Рашит Мұстапаев төрағалық етті. Ол кәсіпкерлер палатасына мейрамхана иелерінен көмек сұраған өтініштер жиі түсетінін атап өтті. Сондықтан да түйіткілді мәселеге шешім таппаған іскерлерді Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген ҚР қоғамдық тамақтану қауымдастығы төрағасының кеңесшісі, мейрамханалық талдаушы Вероника Нұрпейісовамен кездестіруді жөн санады. Кәсіпкерлер мейрамханалардың құрылысы, жабдықтары мен жиһаздары толықтай несиеге алынғанын, енді оны төлеу қиынға соққанын ашық айтты. Қазір екінші деңгейлі банктерден үстемақысымен есептегенде берешегі шарықтап барады. Осындай мәселені ортаға салған кәсіпкерлерге заңды жолдары түсіндірілді.

Маңғыстау облысында шамамен 160 мейрамхана, 198 кафе, 54 бар, 27 асхана тіркелген. Бүгінгі кездесу барысында карантин кезеңіндегі мейрамханалар мен кафелердің қызметіне қатысты мәселелерді талқыланды. Нұрпейісова Вероника қазіргі уақытта "қызыл аймақта" орналасқан елордада пандемия кезіндегі әрекет алгоритмі туралы бизнес жүргізу тәжірибесімен бөлісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер