«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңес мониторингтік топтардың жұмысын талқылады

2021 жылғы 04 Ақпан
10389 просмотров

 2021 жыл 4 ақпанда «Атамекен» алаңында Қайырбек Сүлейменовтың төрағалығымен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдар, бизнес және қауымдастықтардың өкілдері қатысты

 Кеңестиің күн тәртібінде бірнеше мәселе қойылды, соның ішінде кәсіпкерлер тарапынан мониторингтік топтың жұмысына қатысты сыны бар, ҰКП-ға мониторинг топтардың жұмысына қатысты шағымдар өткен жылдан бері түсіп жатыр.

 Кеңесті ашып, Қайырбек Сүлейменов карантин және билік енгізген шектеулер салдарынан шағын және орта бизнестің 800 мыңнан астам субъектісі зардап шеккенін атап өтті. Қызметтің 10 түріне әлі де тыйым салынған, 84 қызмет түрі шектеумен жұмыс істеп жатыр. Бүгінде карантиндік шектеулер  шағын және орта кәсіпкерліктің 520 мың субъектісіне кедергі келтіруде, оның ішінле 70 мың заңды тұлға және 450 мың жеке тұлға бар.

 Сонымен бірге, тексеру барысында лауазымды тұлғалардың әрекет ету алгоритмінің бұзу, қызметті асыра пайдалану, соның ішінде меншікке қол сұғушылық бар.

Осылайша, құқық қолдану заңдылықтарының бірыңғай тәжірибесінің болмауы, заңсыз өңірлік «заң шығару» кәсіпкерлік қызметті тежейді және бизнеске айтарлықтай шығындар әкеледі.

Карантин атын жамылып, кейбір лауазымды тұлғалар кәсіпкерлікті дамытуға кедергілер тудырып, заңнамада көзделмеген шектеулер орнатады.

 Мысалға, Шымкент қаласында бас санитарлық дәрігер екі заңсыз шешім шығарып, соның салдарынан 12,5 мың кәсіпкердің, соның ішінде автокқлік құрлдарына қызмет көрсету саласында 243 кәсіпкердің жұмысы тежелген. Осыған байланысты Кеңес мүшелері ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне кәсіпкерлердің қызметін шектейтін заңсыз қаулылар шығарғаны үшін Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарауды ұсынды.

 2020 жылдың 9 желтоқсанында Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Мониторингтік топтар жұмысының алгоритміне өзгерістер енгізді. Енді мониторингтік топтар бизнес нысандарына 5 талапты орындауға қатысты тексере алады. Атап айтқанда жұмыс режимін сақтау, көпшілік жиналған жерде іс-шараларды жүргізуді бақылау, әлеуметтік арақашықтық сақтау, маска режимі және келушілер санын шектеу.

 Егер мониторингтік топ осы аталған бір бұзушылықты анықтайтын болса, материалдар әкімшілік істерді санитарлық дәрігердің келуінсіз рәсімдеуге СЭҚ-қа жөнелтіледі, немесе СЭС инспекторы тексеруге шұғыл шығуына хабарлама жіберіледі. Екінші жағдайда, санитарлық дәрігер тамақтану объектісін тек тексеру парағында көзделген талаптарға сәйкестігін тексереді.

 «Соңғы уақытта кәсіпкерлер тарапынан мониторингтік топ жұмысына қатысты шағымдар жиелеп кетті. Өткен жыл ішінде әкімдіктер жанындағы мониторингтік топтардың жұмысына айтылған сын көп болды. Олардың қатарында кәсіпкерлеріміз де, азаматтар да, «Атамекен» ҰКП және Мәжіліс депутаттары да бар. Топ жұмыстарында сыбайлас жемқорлық белгілері бары айтылып келеді. Кеңес, сәйкесінше осы жайттарға әрекет етуі тиіс. Мониторингтік топтардың пандемия кезінде рөлін ешкім жоққа шығармайды. Мәселе мониторингтік топтардың заңға сәйкес жұмыс істемеуінде», – деп атап өтті Кеңестің төрағасы Қайырбек Сүлейменов.

 Спикер бұзушылықтарды мониторингтік топтар ғана емес, сондай-ақ карантин және санитарлық нормаларды сақтамайтын кәсіпкерлер де жасайтынына назар аударды.

 Құқықтық статистика деректері бойынша 2020 жылы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған кәсіпкерлердің ең көп саны Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, сондай-ақ Қарағанды, Ақтөбе және Атырау облыстарында тіркелген.

 «Кәсіпкерлер әлеуметтік арақашықтықты сақтау, маска кию, антисептик қолдану және басқа да шараларды орындау бойынша санитарлық нормаларды бұзған. Нысандардың көпшілігі шектеуге қарамастан қызметті жалғастырған, Кәсіпкерлер санитарлық талаптарды елемеу салдарынан азаматтардың денсаулығына қауіп-қатер төндіретінін толық түсінбеді», – деп атап өтті Кеңес төрағасы.

 Кеңес барысында мемлекеттік органдарға карантиндік кезеңдегі бизнестің жұмысы мен тексеруге қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды.

 ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне санитарлық дәрігерлер қаулыларында  өз құзыреттерінен тыс талаптарын қадағадап, кәсіпкерлік қызметті шектейтін шараларды реттеп отыру, сондай-ақ  ескерту шараларын кеңірек қолдануға басымдық бере отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабын қолдану практикасына ерекше назар аудару ұсынылды. Кеңестің санитарлық дәрігерлердің шешім қабылдау заңдылығын қадағалауды күшейту жөніндегі ұсыныстары Бас прокуратураға және мүдделі тараптарға жіберілді.

 «Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының кеңестеріне, кәсіпкерлердің қауымдастықтары, сондай-ақ әкімдіктерге айтарым, кәсіпкерлік субъектілері  мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасы шеңберінде коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін санитарлық-профилактикалық шектеу шараларын бұзумен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұсынамыз. Біз бизнес пен мемлекет арасында тиімді диалог құрылғанын қалаймыз», – деп түйіндеді сөзін Қайырбек Сүлейменов.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер