«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Нариман Әбілшайықов: «QR-код – бизнесті сақтап қалудың бірден-бір жолы»

2021 жылғы 03 Ақпан
11878 просмотров

Бизнестің 13 мыңнан астам субъектісі қызметін жаңарта алмай отыр. Өткен жылдың желтоқсан айында кәсіпкерлермен өткен кездесулерден соң «Атамекен» ҰКП алгоритмдерді әзірлеп, 10 ай бойы жұмыссыз қалған компьютер клубтары, бильярд, боулинг және басқа да бизнес түрлерін ашу бойынша ұсыныспен шықты

Бизнес өкілдері, қауымдастықтар қосымша санитарлық шаралар, цифрлық мониторингті қолдануға дайындықтарын білдірді. Осы бағытта басқа елдердің үлгісімен санитарлық стандарттардың сақталуын цифрлық бақылау үшін пилоттық жоба ретінде ҚР Цифрлық даму министрлігі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша ASHYQ отандық ІТ-қосымшасы таңдалды. Сынақ жобаның алғашқы нәтижелері туралы ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Әбілшайықов айтты.

Бүгінде пилоттық жобада ASHYQ қосымшасын Қазақстанның үш қаласы Алматы мен Нұр-Сұлтан, Қарағандыда кәсіпкерліктің 55 субъектісі қолданып жатыр. Іске қосу уақыты ішінде нысандарға келушілердің 8 мың белгіленуі тіркелген.

«Бүгінгі таңда QR-кодтарды қолдану практикасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері – Гонконг, Сингапур, Малайзияда кең таралған. Басқа елдерде де балама қондырғылар бар. ASHYQ – отандық өндірушінің әзірлемесі. Әрине, қосымша бизнес, нысанға келушілердің ескертпелері мен ұсыныстарын назарға алып әзірлену үстінде. Цифрлық даму министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, санитарлық дәрігерлердің қатысуымен Жобалық кеңсе базасында ұсыныстар қаралуда», – деді Нариман Әбілшайықов.

 ASHYQ – өзіндік балама. Келешекте қосымшаны пайдаланып отырған кәсіпкерлер шектеулерді азайта алады. Яғни өңірдің эпидаэхуал бойынша бір аймақтан екінші аймаққа ауысуы осы кәсіпкерлерге білінбейді. Бұл дегеніміз компанияның табысы, жұмыс орындары, қызметкерлердің еңбекақысы. Көп компания өткен жылғыдай келесі локдаун мен карантинді өткере алмайды, деп айтты спикер, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қолдау шаралары тоқтады. Санитарлық нормаларды сақтау кезінде ASHYQ QR-кодтарын пайдаланған нысандарда індетті жұқтыру қатері аз. Қосымшаны қолдану ерікті жүргізіледі.

 «Пилоттық жобаға ерікті түрде ынта білдірген бизнесмендер қатысып жатыр. Бұл шара не үшін іске асырылып жатыр? Ел өңірлері бір аймақтан екінші аймаққа ауытқып жатыр, сәйкесінше кәсіпкер алдағы демалыс күндері қалай жұмыс істейтіні жайында нақты түсінік жоқ. Бизнесмен клиенті алдында жауапты, сәйкесінше, орта мерзімде түсінікті анықтау үшін біз бұл қосымшаны пилоттық режимде қолданып көргіміз келеді. Фитнес, спа, бассейндер пилоттық жобаға қатысады. Егер бұл тәжірибе өзін-өзі дәлелдейтін болса, онда біз Денсаулық сақтау министрлігіне, санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға өз қызметін қалпына келтірмеген немесе шектеулермен жұмыс істейтін басқа салаларға осы тәжірибені қолдану туралы ұсыныстар енгіземіз», – деді  ҰКП Төралқа төрағасының орынбасары.

Негізгі артықшылық – қауіпсіздік. Ашық қосымшасы  QR-код және ПТР базасымен интеграция арқылы қоғамдық орынға келушінің ковид-статусын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша бизнес субъектісі – жобаға қатысушы санитарлық нормалармен қатар қосымша бақылауды қамтамасыз етеді. Жұмыс істеп жатқан базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, үй жанындағы дүкендерге QR-кодты енгізу қажет етілмейді. Бұл шара қызметін әлі де жаңарта алмаған салаларға қажет. Алдағы бір-екі аптада пилоттық жобаның аралық қорытындысы талданып, тиімділік бойынша шешім қабылданады.

 Елде локдаун енгізіліп, одан шыққаннан кейін бизнес шектеумен жұмыс істеп жатыр. Кәсіпкерліктің 13 мың субъектісіне әлі де тыйым салынған. «Атамекен» ҚР ҰКП мәліметтері бойынша сауалнамаға қатысқан 42 мың кәсіпкердің 9 пайызы бизнесті жабу туралы шешім қабылдаған, тағы 11 пайыз штатын қысқартпақ.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер