«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы заңсыз тексерістерге жол бермеді

2014 жылғы 24 Сәуір
9839 просмотров

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы мен ОҚО бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басқармасының бірлескен әрекеттерінің нәтижесінде мемлекеттік бақылау органдарының ел Президенті жариялаған шағын және орта бизнесті тексеруге мораторийін бұзу деректері анықталды. Деректер ОҚО бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басқармасымен ОҚО Кәсіпкелер палатасы бірлесіп өткізген брифингте халыққа жеткізілді.

«Біз Президент Жарлығын елемеудің сорақы жағдайына тап болдық, мемлекеттік орган өз жұмысының көрсеткіштерін жақсарту үшін-мыс, жеке тұлғаны тексерем деп бүркемелеп, кәсіпкерлерге тіркеу тағайындаған. Дегенмен бұл тұлғаның жеке кәсіпкер болып табылатындығы белгілі еді», - деп аталып кетті брифингте.

2014 жылғы 7 сәуірде ҚР АШМ Мал дәрігерлік бақылау және қадағалау комитетінің Түлкібас аумақтық инспекциясы Түлкібас ауданы Дауан ауылының тұрғыны Д.Сейсенбаевты жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы бұйрық шығарады.

ОҚО бойынша  Комитет басқармасы тағайындалған тексерістің заңдылығын тексеру барысында оны өткізуге 04.04.2014 жылғы № 26 «Түлкібас ауданының Мал дәрігерлік қызметі» РМК «Мал дәрігерлік қызмет туралы» ҚР Заңын сақтау мәніне тексеру қажеттігі туралы хаты негіздеме болғаны анықталды.

Салық органдарының БСАЖ мәліметтеріне қарсы мониторингікөрсеткендей, Түлкібас ауданының Дауан аулының тұрғыны Д.Сейсенбаев«ДИАС» шаруа қожалығының басшысы болып табылады.

Осылайша, АШМ қызметкерлері қасақана, яғни Д.Сейсенбаевжеке кәсіпкер болып табылатындығын біле тұрып (қызметкерлер тексеріс тағайындалғанға дейін салық органына сұрау жіберіп, сәйкес жауап алған), Жарлық талаптарымен тыйым салынған тексеріс заңсыз тағайындалған.

Басқарма мен Кәсіпкерлер палатасы араласуының нәтижесінде тексеріс жүргізуден бас тартылып, жеке кәсіпкердің конституциялық құқығы қорғалды.

Прокурорлық ескеру шараларын қолдану үшін Түлкібас ауданының прокуратурасына ақпараттық хат жолданды.

Түлкібас ауданының прокуратурасы ҚР АШМ Мал дәрігерлік бақылау және қадағалау комитетінің Түлкібас аумақтық инспекциясы тексерісін тағайындау туралы актіні болдырмау туралы келіспеушілік енгізілді. 

ОҚО Қазығұрт ауданында дәл осындай оқиға орын алды. 21 сәуірде ҚР АШМ Мал дәрігерлік бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аумақтық инспекциясы Қазығұрт ауданының «Найман» шаруа қожалығының төрағасы болып табылатын жеке тұлға Д. Багысбаевты жоспардан тыс тексеріс тағайындау туралы бұйрық шығарылады.  Басқарма мен Кәсіпкерлер палатасы араласуының нәтижесінде тексеріс жүргізуден бас тартылып, жеке кәсіпкердің конституциялық құқығы қорғалды.

Өз кезегінде, Кәсіпкерлер палатасы Басқармамен бірлесіп айыпты тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін қадағалайтын болады.

Бүгінде республика бойынша жеке бизнесті тексеруге мораторийді бұзудың 3 оқиғасы тіркелген. Бір оқиға – Қостанайда және екеуі – Оңтүстік Қазақстан облысында.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер