«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өңірлік кәсіпкерлер палаталарына сервистік қолдау көрсетуге 1,6 миллиард теңге табысталды

2014 жылғы 24 Сәуір
8484 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палаталарына жергілікті атқарушы органдардан сервистік қолдау көрсету үшін 1,6 млрд теңге бөлінді.

Мақсаттық трансферттер бойынша бөлінген бюджет қаражатын беруге негіздеме осы мақсатта дайындалған және қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.03.2014 жылғы №279 қаулысының сәйкес жобасы болып табылады.

Бұл қаулыны жүзеге асыруға ҚР Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті мен «ДАМУ» қоры және ҚР ҰКП арасында әрекеттегі бизнесті жүргізуді сервистік қолдауды ұсыну аясында өзара әрекет ету бойынша үш жақты Келісім, «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасының төртінші бағытының аясында жүзеге асырылатын әрекеттегі бизнесті жүргізуге сервистік қолдауды ұйымдастыру және ұсыну тәртібі туралы Ереже дайындалып, келісілді. 

Бүгінгі күні «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасының төртінші бағытының аясында жүзеге асырылатын әрекеттегі бизнесті жүргізуге сервистік қолдауды ұйымдастыру және ұсыну тәртібі туралы Ережеге сәйкес сервистік компанияларды іріктеуге критерийлер, техникалық спецификаттаулар, өтініш берушілер үшін сауалнама-өтінімдер, мониторингтің электронды формасы және т.б. дайындалған.

Осымен қатар, бағдарлама үйлестірушісі қол қою үшін ӨКП-ға жолданған республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер есебінен әрекеттегі бизнесті сервистік қолдау бойынша қызмет көрсетуді қаржыландыру туралы Шарт жобасы даярланған.

Бизнеске сервистік қолдау көрсету департаменті бюджет қаражатынан бөлінетін қаржыландыру көлемі аясында 2014 жылғы кезеңге өңірлер қимасында кәсіпкерліктің кем дегенде 10 мың субъектісін қамту қажеттігін анықтады.

Сонымен бірге, өңірлік палаталар бұрындары сервистік қолдау көрсеткен өңірлер қимасында консалтингтік компаниялар саны туралы ақпарат берді. «ДАМУ»  КДҚ АҚ филиалдарымен Серіктестерге қызмет көрсету орталықтарының (СҚО) біршама тиімді жұмысын ұйымдастыру төңірегіндегі бірлескен жұмыстар жасалуда. Өңірлік палаталар қызметкерлерін СҚО-да кейін консультация ұйымдастыру мақсатында оқыту жүргізіледі.

«ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңның 11 бабы 1 тармағы 1 тармақшасына сәйкес Палата мемлекеттік сатып алулар механизмін қолданбастан оператор ретінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген кәсіпкерлерді сервистік қолдауды қоса алғанда, кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық емес қолдау операторының функцияларын жүзеге асыратынын естеріңізге сала кетейік.

Оның үстіне ҰКП өңірлік палаталар арқылы ұсынылатын қызметтер сапасына мониторингті жүзеге асыра алады. Бұл ұсынылатын қызметтер сапасын жетілдіруге, қаражаттың уақытылы игерілуіне және сервистік қызметтер ұсынылуына мүмкіндік береді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер