«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістанда жер мәселесіне қатысты кезекті мәселе оңды шешілді

2021 жылғы 28 Қаңтар
- Түркістан облысы
8360 просмотров

Палата заңгерлері кәсіпкерге сотта резонанс тудырған істі жеңуге көмектесті

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасына жеке кәсіпкер Зауытбек Қарабеков Төлеби ауданында орналасқан 2017 жылғы конкурс бойынша берілген жер учаскесін жер инспекциясы басқармасының алып қою мәселесін шешуге көмек сұрап жүгінді.

Кәсіпкермен нысаналы мақсаты - көгалдандыру болатын, жалпы ауданы 6 га, уақытша өтеулі жер пайдалану мерзімі - 49 жыл, яғни жерді жалға беру шарты жасалған.

Осыған орай, ОҚО бірлескен облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі №100 санды қаулысы және ОҚО облыстық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 26/210-V шешімімен Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің аудандар бойынша ең төменгі мөлшері белгіленген.

Бұл жер учаскесінің ауданы 6 га, яғни Төлеби ауданы үшін бірлескен қаулы мен шешімде белгіленген ең төменгі мөлшерден төмен екендігін ескере отырып (жайылым - 15 га; құрғақ жер - 12 га; суармалы жер - 2 га), Түркістан облысы бойынша жер инспекциясы басқармасымен сотқа әкімдігінің заңсыз шешімдерін және жер телімін  ұзақ мерзімге жалға беру шартын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілген (жер учаскесін уақытша пайдалану туралы актісін жарамсыз деп тану).

Аталған өтінішті қарау барысында Палата заңгерлері 2020 жылдың желтоқсан айында Түркістан облыстық мәслихатының 11.09.2020 № 52/539 - VI бірлескен шешімімен және Түркістан облысы әкімдігінің 18.11.2020 № 232 қаулысымен жер учаскелерінің жаңа ең төменгі мөлшерлері белгіленгенін және жеке кәсіпкер З.Қарабековке берілген учаске оларға толық сәйкес келетінін (жайылым-3 га) анықтады.

Бұл мәселе Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында да қаралды, онда Кеңес мүшелері жер инспекциясына жер учаскелеріне жаңа ең төменгі мөлшерлерді белгілеуге байланысты талап арыз мәселесін қарауды тапсырған болатын.

Нәтижесінде, сот жер инспекциясының жаңа ең төменгі мөлшері негізінде жер инспекциясы басқармасының талап арызын қанағаттандырудан бас тартты.

"Сот шешімі кәсіпкердің пайдасына шығарылмаған жағдайда, бизнес субъектісі жер учаскесінен ғана емес, материалдық шығынға да ұшырайтын еді. Бүгінгі таңда мұндай жағдайлар біздің аймақта өте кең таралған. Жер даулары Палатаға келіп түсетін барлық өтініштердің "басым" үлесін құрайды", - деп атап өтті Түркістан облысы Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Ирина Ким.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер