«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі ҰКП заңнамалық актілерге жасаған ескертулері мен ұсыныстарының шамамен 60% қабылдады

2014 жылғы 24 Сәуір
9040 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі бастамасымен жасалған «ҚР «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасына ҚР ҰКП ескертулері мен толықтыруларын талқылау» тақырыбында ҚР ҰКП сұхбат алаңының аясында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының аяқталған жобасы қарастырылды, бұл ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік ҰКП ескертулерін ескере отырып жасаған бастама болатын.

Талқылауға ТМРА, ҚР ҰКП салалық Комитеттерінің хатшылықтары және қауымдастықтар өкілдері қатысты.

Осы заң жобасын талқылау бойынша бірқатар кеңесулер қорытындысы бойынша ҚР ҰКП ескертулері мен ұсыныстарының шамамен 60%-ын ТМРА қабылдады.

Жұмыс тобының мүшелері 2014 жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде ТМРА бастамалаған Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасына ҚР ҰКП ақырғы ескертулері мен ұсыныстарын жолдайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер