«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» бизнесті тексеруге жарияланған мораторийге өзгеріс енгізуге қарсы

2021 жылғы 25 Қаңтар
10010 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Қаржы министрлігінің «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына өзгерістер енгізу бойынша ұсынысымен келіспейтінін мәлімдейді

 Мәселе салық тексерулер бойынша қосымша ерекше жағдайларға байланысты, яғни бақылау-кассалық машиналардың болуы және (немесе) оларды пайдалану тәртібінің сақталуы туралы шағымдарды тексеру, сондай-ақ салық төлеушінің егер камералды бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды алып тастау туралы салық органының хабарламасын орындамаған жағдайларды тексеру  туралы болып отыр.

  2019 жылғы 226 желтоқсандағы №229 жарлықта салық органдары үшін бірқатар ережеден тыс ерекше жағдай қарастырылған: қарымта, тақырыптық салықтың тексерулер, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушыларды тексеру.

 «Салық тексерулері мемлекеттік бақылау және қадағалау салалары ішінде саны бойынша бірінші орында тұрғандықтан (Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің мәліметтері бойынша 2018 жылы салықтық тексерулер 25015 бірлікті немесе барлық тексерулердің (104942) 23,8%-ды құрады,  бұл тексерулер СЭҚ органдары тексерудерінен асып түсті, СЭҚ тексерулері 2018 жылы  – 24314 бірлікті немесе 23,2% болды), салық тексерулеріне қосымша жеңілідктер жасау тексеру көлемінің артуына әкеледі, бірінші кезекте шағын кәсіпкерлік субъекітлеріне тексеру жүргізу саны көбееді. Мұндай позиция өз кезегінде Мемлекет басшысының тексерулерге мораторий енгізу туралы тапсырмасына қайшы келеді. Айта кетелік, мораторийде ерекше жағдайлар болмауы керек, өйткені бизнес мораторий мен бақылауды жеңілдетуді сезінбейді», – дейді ҰКП мамандары.

 Екіншіден, Қаржы министрлігі келтірген негіздемелерде салық төлеушілердің 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 60%-ының кіріс деңгейінің төмендеуін белгілеуі дұрыс емес, өйткені кірістің төмендеуінің негізгі себебі:

- коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты бүкіл ел бойынша төтенше жағдай режимін енгізу есебінен 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 2020 жылдың 15 сәуіріне дейінгі кезеңде барлық дерлік кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін толықтай жабылды;

 - сәуірден бастап қазіргі кезеңге дейін нысандар жұмысының айтарлықтай шектелуі (әр өңірде ауырғандардың санына қарай санитарлық дәрігерлрдің ай сайын қаулылары қабылданады).

 «2020 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін кәсіпкерлік субъектілері жұмыс уақыты, келушілер саны бойынша шектеліп, жұмыс тоқтатуға, карантиндік шараларды сақтау (санитайзерлер, тепловизорлар, маскалар, жиі жуу жұмыстары, оырнжайда белгі орнату, қызметкерлерге тестідеу жүргізу, қызметкерлерді жұмысқа жеткізу және т.б.) бойынша қосымша шығындануға мәжбүр. Кәсіпкерлік қызметтегі кірістердің төмендеу халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуіне де байланысты. Кірістердің төмендеуі табысты жасырудан емес, осы себептер салдарынан кәсіпкерлік қызметтен кірістердің төмендеуі салдарынан орын алған», – деп атап өтті «Атамекен» мамандары.

 «Атамекен» ҰКП жоғарыда атаған қарсылықты ресми түрде ҚР Қаржы министрлігіне жіберді, алайда ескерілмеді және қосымша ерекше өзгерістермен Жарғы жобасы Президент қарауына жіберілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер