«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

СҚО ұн өндіруші кәсіпорындары экспорт мәселесін шешуді талап етеді

2021 жылғы 20 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
10602 просмотров

Облыстың ұн өндіруші кәсіпорындарының өкілдері Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасында мәселе көтерді. Өндірушілер өткізу нарықтарын жоғалтып аламыз деп алаңдайды және Өзбекстан арқылы өтетін транзитке жоғары тарифтер, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ және басқа да меншік иелерінің ішкі теміржол тарифтері өте жоғары болуы жағдайды қиындатуда. Нәтижесінде қазақстандық диірменшілердің қызметі пайдасыз, тіпті шығынды болып отыр.

 Кәсіпкерлердің пікірінше,  диірмендердің 70%-ы банкротқа ұшыраған, не жабылу алдында тұр. Саладағы қолайсыз жағдай салдарынан кәсіпорындар өндіріс көлемін қысқартуға мәжбүр болған. Оның себептерінің бірі астық пен ұн өткізу нарықтарының бірігіп кетуі, нәтижесінде ұн экспорты толығымен алмастырылып қалған.

 «Солтүстік Қазақстанның ұн өндірушілері дабыл қағуы бекер емес. Өйткені олар Қазақстан үшін негізгі нарық – Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстанды жоғалтып жатыр. Алайда қазіргі кезде осы елдер біздің бидайымызды да белсенді экспорттап жатыр, осыған байланысты қазақстандық ұнды кешегі импорттаушылар енді біздің бидайдан жеке ұн өндіру өнеркәсібін қарқынды дамыта бастады. Соның нәтижесінде бидай экспорты артып, ұн экспорты құлдырап кетті. Ал ұнға жоғары транзит жағдайды қиындатып тастады. Бұл ұн тартушылардың ғана емес, бүкіл республиканың проблемасы», – деді СҚО ӨКП директоры Арман Оразғұлов.

 СҚО аумағында шамамен 20 ірі ұн өндіру комбинаты бар, олардың жүктелуі, өкінішке қарай өте мүшкіл. Жағдайды жедел шешу керек, өйткені ел төл өндірісінен айырылып қалуы мүмкін деп санайды кәсіпкерлер.

 «Біздің сала ешкімді толғандырмайтын секілді. Ұн экспортына қатысты мәселені жыл сайын көтеріп келеміз, ал жартас – баяғы жартас. Бүгін бізді респбуликалық деңгейді естіп, мәселемізді шешуіне барлық отандық министрліктер, атап айтқанда ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция, көлік және коммуникация ведомстволары атсалысады, шара қолданады деген үмітпен жүгініп отырмыз. Біз қазірдің өзінде өндіріс пен жұмыс орындарын 80%-ға қысқарттық. Бізде шикізат бар, толық қуатта жұмыс істеуге дайынбыз, бірақ қазіргі жағдайға байланысты бидайды қайта өңдеу тіптен тиімсіз болды», – дейді Тимирязев ұн комбинатының бас директоры Иса Алахяров.

 Кәсіпкерлердің айтуынша, бұрын Қазақстан ұнын импорттаушы болған елдерде бидай өңдеу саласы күрт дамып, сәйкесінше ұнға сұраныс түсіп, шикізатқа көңіл ауды. Егер 2012 жылы Өзбекстанға бидай экспорты 658 мың тонна, ұн – 1,2 млн тонна болса, 2020 жылы бидай экспорты 2,3 млн тоннаға өскен, ал ұн экспорты 650 мың тоннаға құлдыраған. Тәжікстанмен сауда айналымы да тура сондай. Егер 2009 жылы бидай мен ұн экспорты бір деңгейде болып, 380 мың тоннаны құраған болса, былтыр бидай экспорты 1 млн тоннаға артқан, ал ұн экспорты 85 мың тоннаға түсіп кеткен. Бүгінге Ауғанстан – жалғыз тиімді нарық, бірақ ішкі ахуалына қарамастан бұл елде жеке өңдеу саласын дамыту үстінде.

 «Егер 2014 жылы Қазақстаннан Ауғанстанға астық экспорты небәрі 63 мың тоннаны құраса, 2020 жылы ол 577 мың тоннаға дейін өсті, яғни бұл көрсеткіш 9 есеге өсті. Ауғанстан нарығы бүгінгі күні де тұрақсыз, өйткені біз географиялық тұрғыдан жақын емеспіз және ұн жеткізуде Пәкістанмен бәсекелестік туындауы мүмкін. Егер әлемдік астық нарығы құлдыраса, онда Ауғанстан кез келген қолжетімді ұнға бұрынғыша ауысып кетеді, ал Қазақстан ұн тартатын өнімдерінің соңғы нарығынан айырылады! Биылғы жылы ұн экспорты өсуінің 2,4% көрсеткішіне алданбайық, өйткені бұл экспорт нарығындағы жағдайдың жақсаруымен емес, ауғанға көршілес Пәкістанда егіннің нашар болуымен байланысты», – дейді  «СевЕсильЗерно» ЖШС коммерциялық директоры Таисия Колегова.

 Бұл тауар биржа саудасына жатқызылуы, сонымен қатар Өзбекстанға транзитке тарифтердің жоғарылуы, ҚТЖ тарапынан тарифтердің күрт өсуі, КТТ тарапынан вагондарды жеделдетуге тарифтердің 30-35 пайызға жоғарылуы жағдайды қиындатты.

 «Биыл ескі проблемаға жаңалары қосылды. Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы бұйрығы негізінде ұн биржалық тауарлар тізіміне 60 тонна көлемінде енгізу және бидай сату партиясының 300 тоннаға дейін төмендету. Диірмендердің позициясы туралы айта отырып, бұл шешім, жұмсақ тілмен айтқанда, бізді таңдандырды, өйткені қисынсыз. Бүкіл әлемде ұнды биржа арқылы сату тәжірибесі жоқ – бұл нонсенс. Ұн брендтелген тауар екенін ұмытпаған жөн және әр түрлі брендтердің құнын бір тауар шегінде теңестіру мүмкін емес! Сондай-ақ, біздің негізгі сатып алушымызға биржалық сауда-саттық дағдыларын үйретудің қиындықтары бар. Әңгіме Ауғанстан туралы екенін ұмытпаңыздар. Ауғанстан жеткізуші ретінде Өзбекстанды таңдауы мүмкін, Өзбекстан өз алдына Қазақстан бидайынан ұн әзірлеп береді. Егер ұн сату шекті мәнін 300 тоннаға дейін төмендету туралы айтатын болсақ, біз шикізатты қайта өңдеу үшін бидай сатып алатын диірмендердің мүдделесін қозғаймыз. Брокерлерге төлем түріндегі үстеме шығындар ішкі нарық үшін дайын өнімнің өзіндік құнында байқалатын болады. Нәтижесінде диірмен екі есе төлеуге міндетті болады: бидайды өңдеуге 300 тоннадан (4 вагон) асатын бидайды сатып алу және 60 тоннадан жоғары ұнды сату. Бұл қосарланған салық болып шығады», – деп жалғастырады Таисия Колегова.

Кәсіпкерлер бұл жағдай брокерлер, маркетологтар және басқа да мүдделі адамдардың әскерін арттырады деген ойда.

 «Ұнды биржа саудасына қосудың мақсаты қандай түсініксіз. Егер бұл экспорттық бағаларды бекіту болса, онда бағаны статоргандар мен фискалды органдар белгілейді, трансфертті баға белгілеу туралы заң бар. Егер бұл көмек болса, онда экспортты нарықта ұн сұранысқа ие емес, демек биржа саудасын енгізу сауда операцияларының өсуіне әкелмейді. Сатып алушы мен сатушы арасында тікелей байланыс орнатылды, биржалық сауда әдісі сауда тараптары үшін қосымша қаржылық шығындармен медиация болады! Біз биржалық сауданың қажеті жоқ деп санаймыз, бұл кепілдендірілген экспорттық кірісті алу құралы, өйткені ұн тек алдын-ала төлем негізінде сатылады», – деп түйіндеді Т.Колегова.

 Ұн өндірушілер тарифтердің күрт өсуін көтерді. Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасы арқылы бір тонна ұн транзиті үшін жоғары төлем белгіленген. Көршіміз өзінің теміржолының 700 шақырымын кесіп өтуді тоннасына 53 доллар деп бағалайды. Мысалы, салыстыру үшін, экспорттаушы Түркіменстан аумағы арқылы ұзындығы 3000 км (!) транзит үшін тоннасына 32 доллар төлейді. Ұн өндірушілер транзит бағасының мұндай айырмашылығының себебі неде деп таңдануда, өйткені маршруттар ұзындығы, мысалы, сол Түркіменстанға қарағанда төрт есе аз.

 Мәселенің шешімі қазақстандық жүк тасымалдаушылары үшін Өзбекстан аумағы арқылы Ауғанстанға транзит құнын төмендету деп санайды. Ол үшін екі ел арасында келіссөздер жүргізілуі керек. Сауда министрлігі «пайда ойлаған» көршілерге қарымта шаралар қолдануы керек, сол кезде ставкалар төмендеуі мүмкін деп санайды кәсіпкерлер. Экспорттаушылардың тауар жеткізу шығындарын субсидиялау ұсынысы айтылды. Сондай-ақ, шикізатты қайта өңдеушілерге сататын ауылшаруашылық тауар өндірушілерін субсидиялау да жағдайды жақсартудың бір жолы. Мұндай құрал, кәсіпкерлердің айтуынша, диірмендерді шикізатпен қамтамасыз ету үшін қажет.

   «Өндірушілердің барлық ұсыныстары ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция, көлік және коммуникация министрліктерімен бірлесе отырып әрі қарай талқылау және шешім қабылдау мақсатында «Атамекен» орталық аппаратына жіберіледі. Бүгіннің өзінде республикалық деңгейде жоғарыда аталған барлық министрліктердің, сондай-ақ бейнекбайланыс жүйесі арқылы өңірлік палаталар мен бизнестің, басқа жауапты органдардың өкілдерімен бірлескен кеңес өткізіледі», – деп қорытындылады сөзін СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Арман Оразғұлов.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер