«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында түйткілді мәселелерді шешу жөніндегі жол картасына қол қойылды

2021 жылғы 19 Қаңтар
8362 просмотров

Ұлттық палатаның ұсыныстары негізінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы проблемалық мәселелерді шешудің Жол картасын бекітті

Құжат келесі іс-шараларды қамтиды:

 - сметалық мөлшерлеу және баға белгілеу;

- құрылыс-монтаждау жұмыстарын мемлекеттік сатып алу және оларды қазынашылық сүйемелдеу;

- нысандарды салудағы мемлекеттік және жеке құрылыс салушылардың шығындарын оңтайландыру;

- құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларын цифрландыру;

- жалға берілетін тұрғын үй нарығын дамыту;

- салалық заңнаманы жетілдіру;

 - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және елдімекендерді аббаттандыру салаларын дамыту.

 «Құрылыс саласында бизнес-қоғамдастық өкілдері көп жылдар бойы көтеріп келе жатқан әрі шешімін таппаған жүйелі мәселелер бар. Жол картасы шеңберінде жұмыс шешімдерді егжей-тегжейлі қарап, тез арада шешуге ықпал етеді деп үміттенеміз», – деді «Атамекен» ҰКП Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Александр Белович.

«Жаңа трендтер байырғы шешілмеген проблемаларға жүктеліп, салдарынан бизнеске жұмыс істеу қиындай түседі. Бұл жағдайда мерзімдер мен орындаушыларды көрсету және цифрландыру, мәселелерді жүйелі шешімі бола алады. Цифрландырудың арқасында бюрократия мен «адами фактордың» шығындары біртіндеп жойылады, нарық қатысушылары мен мемлекеттік органдар арасындағы бизнес процестер мен коммуникация жақсарады», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларын цифрландыру бөлімі 4 цифрлық шешімнен тұрады. Мәселен, сметалық баға белгілеу мәселесін «құрылыс материалдарын жеткізушілердің бірыңғай тізілімі» электронды платформасын құру арқылы шешуге болады, бұл қазіргі уақытта құрылыс материалдары бағаларының өзгеруін көруге, сметалық бағалар жиынтықтарын жаңартуға және импортты алмастыруды қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауға мүмкіндік береді.

 «Е-құрылыс» ақпараттық жүйені жетілдіру құрылыс секторының әрекеттегі/әрекетсіз лицензиаттарын бақылауға, атқарушылық құжаттарды цифрлық форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді.

 Жол картасы іс-шараларына Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, Ұлттық экономика, қаржы, әділет, цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары («ҚазҚСҒЗИ» АҚ, «ТКШ орталығы» АҚ), жергілікті атқарушы органдар қатысады. Ұлттық палата құжаттың жүзеге асырылуы ҚР Үкіметінің бақылауында екенін атап өтті.

Анықтама үшін:

Мемлекеттік органдармен тиімді жұмыс істеу арқылы Ұлттық палата қазірдің өзінде құрылыс саласындағы бірқатар мәселелерді шеше алды, мысалы, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу талап етілмейтін объектілер тізбесі, бас жоспарлар және ЖСҚ әзірлеу мен жүзеге асырылуына бақылау мен қадағалау енгізілді. Құрылыс компанияларына техникалық қабатты салмай тұрғын үй салу мүмкіндігі берілді, ал «Баспана хит» ипотекалық бағдарламасы екінші деңгейлі банктердің қарызға қатысу жобасының шеңберінде немесе тұрғын үй құрылысының жалғыз операторының кепілдігімен салынып жатқан тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігін қамтыды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер