«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шаруаларға көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен несие беруге өтінім қабылдау басталды

2021 жылғы 14 Қаңтар
5043 просмотров

Halyk Bank агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне Аграрлық несие корпорациясының «Кең дала» бағдарламасы шеңберінде көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген мөлшерлемемен жеңілдетілген несие алуға өтінімдер қабылдау басталғаны туралы хабарлайды

 Еліміздегі ірі банк бүкіл Қазақстан бойынша кәсіпкер-шаруалардан несие алуға өтінім қабылдауға дайын. Бүгінгі таңда банк елдің алты өңірінен агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерінен 38 млрд теңгеден астам сомаға өтінім қабылдаған. Жуық арада қалған облыстар да белсенді қатысады деп күтілуде.

 Биыл Halyk Bank «Кең дала» бағдарламасы бойынша шаруаларды көктемгі дала жұмыстары және егін шабуды жүргізуге жеңілдікпен несиелеу сомасы екі еселенеді. Мысалға, былтыр осы бағдарлама бойынша 19,2 млрд теңгеге 77 кәсіпкерге қолдау көрсетілді.

 «Кең Дала» бағдарламасы арқылы отандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер 2021 жылы көктемгі дала жұмыстары мен егін оруға жеңілдікпен несие ала алады. Біз Агро несиелеу корпорациясына нарыққа қатысушыларынан қабылданған ұсыныстары үшін ризашылығымызды білдіреміз және жақын арада фермерлерден қосымша өтінімдер күтеміз. Бұл фермер-кәсіпкерлер үшін көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына «арзан» ақша шығаруға тамаша мүмкіндік. Бұл бағдарлама бойынша кепілзатқа қатысты қатаң талаптар қойылмайды және фермерлерге жыл сайынғы маусымдықты ескере отырып, несие төлеу үшін неғұрлым икемді шарттар беріледі. Бұдан бөлек, банктің тұрақты әрі сенімді серіктестерінің кепілдік қамтамасыз ету құрылымына талап жұмсартылған. Мен кәсіпкерлерімізді жеңілідкпен несие алуға өтінім беруге шақырамын», – деді Halyk Bank орта бизнес департаментінің директоры Вадим Каблов.

Halyk Bank 2018 жылдан бастап Агро несиелеу корпорациясымен белсенді ынтымақтастық орнатқан, және корпорацияның өтінімдерді тез әрі тиімді қараудағы құрылымды рөлін атап өтуде. Осылайша қаржы институты ауыл шаруашылығы саласында бірнеше бағыт бойынша белсенді жұмысты бастай алды. Ауыл шаруашылығы саласы елді азық-түлікпен қамтып отыр, сондықтан «Кең дала» бағдарламасы бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге мөлшерлемесі төмен несиелер беріледі.

 «Жаһандық нарықтардағы тұрақсыздық, коронадағдарыстың жалғасуы жағдайында аграрлық сектордың экономика және азық-түлік қауіпсіздік үшін маңызын түсіне отырып, Halyk Bank 2021 жылы ауыл шаруашылық саласын белсенді несиелеуді жалғастырады. Өйткені, бұл нарықты отандық ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелерін ауыртпалықсыз шешетін мемлекеттік органдар, қаржы секторы компаниялары мен фермерлердің бірлескен қолдауы. Өз тарапынан Halyk Bank өз серіктестеріне, соның ішінде ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге барлық облыс орталықтарындағы филиалдардың кең желісін қолдана отырып (олардың кейбірінде, Halyk – жалғыз банк)  сервистік қолдау көрсетуді жалғастырады», – деп қорытындылады Вадим Каблов.

Жеңілдікпен несиелендіру туралы қосымша ақпаратты www.halykbank.kz сайтынан және @halyk_business әлеуметтік желісіндегі ресми бизнес парағынан алуға болады.

Эрик САГИР


Еншілес ұйымдар

Серіктестер