«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Медициналық жоғары оқу орындарының түлектері грантты жеке клиникаларда өтей алады

2021 жылғы 13 Қаңтар
12614 просмотров

ҚР Білім және ғылым министрлігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, Ұлттық палатаның ұсыныстарын қолдап, «Білім беру туралы» заңға өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістер медициналық жоғары оқу орындарының түлектеріне білім беру грантын жеке клиналарда өтеуге құқық береді.

Ұлттық палатаға жеке медициналық ұйымдар мен қауымдастықтар қызметкерлердің тапшылығы мәселесіне қатысты бірнеше рет хабарласты. «Білім беру туралы» заңы бойынша білім беру гранты негізінде оқып шыққан студенттер мемлекеттік аурухана немесе емханада ең кемі үш жыл жұмыс істеуі керек.

«Атамекенге» жолдаған  өтінімінде «ҮМІТ» томотерапия және ядролық медицина аурухана кешені» ЖШС директоры Ержан Шаяхметов бұл норма теңсіз жағдай тудырып, мамандарды дайындау процесін тежеуге ықпал етуі мүмкіндігін атап өтті.

«Мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыратын және жаңа медициналық технологияларға ие мемлекеттік және жеке ұйымдарға тең жағдай жасалуы керек, атап айтқанда жас мамандардың үш жылдық жұмысы ғана емес, сонымен қатар осындай ұйымдардың негізінде резидентурадан өту мүмкіндігі берілуі тиіс. Бұл медицина саласындағы инновациялық технологияларды жетік білетін заманауи жас мамандардың сапалы легін даярлауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ол өз сөзінде.

«Қазақстан Медициналық зертханалар қауымдастығы» ЗТБ өкілдері тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде қызмет көрсететін жеке мекемелер мемлекеттік ұйымдардан айырмашылығы жоғын айтты.

«Жеке клиникалар үшін жалпы практикадағы дәрігерлерге түсетін жүктеме деңгейі, жан басына бөлінетін кешенді нормативтің мөлшері, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерге тарифтерді қолдану мемлекеттік мекемелерден ерекшеленбейді», – деді қауымдастықтардың мүшелері.

«Атамекен» түлектерге жеке немесе мемлекеттік мекемеде жұмыс істей бастауды өз бетімен таңдау құқығын беруді ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынды.  Бастама қолдау тапты, қазіргі уақытта «Білім туралы» заң жобасы түзетулермен Сенаттың қарауына берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер