«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды облысы Шет ауданының кәсіпкерлері негізсіз айыппұлдан қорғалды

2021 жылғы 12 Қаңтар
- Қарағанды облысы
7400 просмотров

Кәсіпкерлер палатасына Шет ауданында азық-түлік дүкенінің иесі хабарласты. Бизнес субъектісіне мониторингтік топ тексерумен келген, тексерушілер жағда    йды дұрыс сараламай, кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартпақ болған.

Мониторингтік топтар құрамындағы тексерушілер кәсіпкерлерді болмашы заң бұзушылықтар үшін жазалауға тырысатыны бірінші жағдай емес. Бұл жолы Шет ауданы, Ағадыр ауылынан келген азық-түлік дүкенінің иесі жеке кәсіпкер О.Корнухова қиын жағдайға тап болды.

 «Маған мониторингтік топ келіп, карантиндік шараларды сақтауға қатысты тексеру жүргізді. Ары қарай маған учаскелік полицей күнделікті хабарласып, бөлімшеге келіп, түсіндірме жазуымды сұрады. Ол матераилдар СЭҚ-қа жіберіліп, мені жауапкершілікке тартады деп айтты», – деді бизнес ханым.

 Алайда О.Корнухова дұрыс шешім қабылдады. Органға барып, әкімшілік құқық бұзу туралы хаттамаға қол қоюдың орнына кәсіпкер ӨКП Шет аудандық филиалына хабарласты. Филиал директоры өтінімді мобильді прокурор арқылы дереу тіркеді.

 Прокурор бір сағат ішінде іске араласып, мән-жайды зерттеуге кірісті.

 Сол күні аудандық прокуратураның араласуынан кейін О.Корнуховаға қатысты қылмыстық іс құрамының болмағанына байланысты әкімшілік өндіріс тоқтатылды.

 «Келесі күні аудан прокурорының ауылға келгенін естіп, шағын дүкендері бар ауыл кәсіпкерлері маған хабарласа бастады, оларды әкімдік пен полиция қызметкерлері де тексерді, мен оларға аудан прокурорының телефон нөмірін бердім. Егер біз аудандық прокуратураның мобильді тобына жүгінбеген болсақ, біз жауапкершілікке тартылып, үлкен айыппұлдар төлеуге мәжбүр болар едік», – дейді О.Корнухова.

 Құрметті, Қарағанды облысының кәсіпкерлер! Егер сіздер тексерушілердің талаптарымен келіспесеңіздер – хаттамаға қол қоймаңыздар, туындаған мәселелермен Кәсіпкерлер палатасының қалалық/аудандық филиалына немесе мобильді прокурорға хабарласу керек https://atameken.kz/ru/news/39539-v-karagandinskoj-oblasti-rabotayut-mobil-nye-gruppy-po-voprosam-zashity-prav-predprinimatelej


Еншілес ұйымдар

Серіктестер