«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қаржылай емес қолдау шаралары кәсіп бастауға демеу

2021 жылғы 11 Қаңтар
- Павлодар облысы
8395 просмотров

2020 жылы облыста констультациялық қолдау және сервистік қызметтерді бизнес-қоғамдастықтың 4 мың өкілі қолданды. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерді қолдау және қызмет көрсету орталықтары арқылы қаржылай емес қолдау көрсетеді

 «Қаржылай емес қолдау жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге, сондай-ақ кәсіпті енді қолға алған адамдарға көрсетіледі. Бұл қызметтерге ақпараттық-аналитикалық қолдау, кәсіпкерлердің біліктілігін дамыту, олардың өнімділігін арттыру, сондай-ақ іскерлік байланысты кеңейту кіреді. Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары облыстың барлық қалалары мен аудандарында орналасқан. Осылайша, кәсіпкерлер ауданнан немесе моноқаладан шықпай-ақ, барлық қажетті қызметтерді тегін ала алады», – деді «Атамекен» ӨКП директоры Олег Крук.

Бұдан бөлек кәсіпкерлер «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тарапынан бизнесті жүргізуге сервистік қолдауды ала алады.

 «Сервистік қызметтер де экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне тегін көрсетіледі. Қаржылай емес қолдау шаралары кәсіпкерлер арасында сұранысқа ие екенін атап өткен жөн. Мәселен, өткен жылы облыстың бизнес-қоғамдастығының 4 мыңнан астам өкілі 8 мыңнан астам консультациялық және сервистік қызметті пайдаланды. Қызметтер тізіміне мыналар кіреді: бухгалтерлік есеп пен салық есебін жүргізуге байланысты қызметтер, сондай-ақ статистикалық есептерді дайындау, заң кеңестері, маркетинг, мемлекеттік сатып алу, өндірушілерге өнімді сатуда көмек көрсету», – деді Олег Крук.

 Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында бастауыш және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер «Бизнес-мектепке» қатыса алады. 2020 жылы «Бизнес-Мектепке» Павлодар облысының 482 тұрғыны қатысты. Соның ішінде: 180 тыңдаушы – офлайн, 301 тыңдаушы – онлайн. «Бизнес-Мектептің» 84 оқушысы 210 млн астам теңгеге өз жобаларын іске асырды.

 «Бизнесмендерді қолдаудың тағы бір шарасы – «Аға сеньорлар». Құрауыш арқылы кәсіпті жетілдіру мақсатында кәсіби және практикалық ұсыныстар алу үшін жоғары білікті сарапшыларды тарту. Ұсыныстар сарапшы жұмысты тікелей зерделеу және сол жерде бизнесті құру арқылы беретін кәсіпорын мәселелерін талдау негізінде беріледі. 2020 жылы 3 сараптама миссиясы жүзеге асырылды. Жоғары білікті отандық сарапшыларды «Ақсу» жылыжай кешені, «Ақжар Өндіріс» агрофирмасы және «Сары Жайлау Капитал» шаруа қожалығы шақырды. Қаржылай емес қолдау және өзге де кәсіпкерлікті қолдау шараларына қатысты барлық сұрақтар бойынша  Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16, мекен-жайы телефон 8/7182/660311 бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасына хабарласуға болады», – деді Олег Крук.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер