«Атамекен» бизнес өкілдеріне шектеулер туралы онлайн режимде хабарлайды
ҰКП мамандары жүйені InfoKazakhstan базасында әзірледі. Онда өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бизнеске шектеулер бойынша ақпарат жедел жаңарып отырады.
Пандемия кезеңінде бизнес ҚР санитарлық дәрігерлері қаулыларының жиі ауысуы мәселесіне тап болды. Мысалға, бір өңірде пандемия басталғалы бері 50-ге жуық қаулы қабылданған, бұл құжаттардың жалпы көлемі 100 беттен асады. Кәсіпкерлер өзгерістердің қарқынына үлгермей әлек. Бірдей санитарлық ахуалда орналасқан бизнес түрлері жұмысына салынған түрлі ережелер жағдайды қиындатуда. Нәтижесінде сауда, ойын-сауық орталықтары, базарлар, білім беру орталықтары, кинотеатрлар, туризм нысандары және фитнес орталықтарына бірдей эпидемиологиялық ахуалдағы өңірлерде уақыт және келушілер санына қарай түрлі шектеулер салынған.
«Бүгін Бас санитарлық дәрігермен қабылданған нормаларды өңірдегі санитарлық дәрігерлер қайта өзгертуі мүмкін. Олар облыста қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға қарай қатаң шара қабылдауға құқылы», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.
2020 жылдың желтоқсан айында Ведомствоаралық комиссия Ұлттық палатаның санитарлық нормалар бойынша деректерді жүйелендіру бойынша ұсынысын қолдады. Бас санитарлық дәрігердің 25 желтоқсандағы №68 қаулысына сәйкес өңірлердегі қолданыстағы шектеулер «жасыл», «сары» және «қызыл» үш аймақ бойынша санаттарға жіктелген.
«Біз әр өңірден санитарлық дәрігерлердің қаулыларын шыққан бойда қолма-қол алып отырмыз. Жүйеде деректер жаңартылып жатыр. Жуық арада кәсіпкер онлайн режимде өзінің бизнесіне қандай шектеулер барын көре алады. Жүйеміз кәсіпкерлер жұмысын жеңілдетпек», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.
Кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдету мақсатында InfoKazakhstan.kz сайтында әр өңірде қызмет түрлері бойынша ішінара және толық шектеулер туралы деректермен кесте, сондай-ақ ҚР Бас санитарлық дәрігер қабылдаған шаралар жарияланған. Деректер күнбе күн жаңартылуда. Бүгінде Бас санитарлық дәрігердің 25 желтоқсандағы қаулысына қарай өңірлік санитарлық дәрігерлердің 10 қаулысы өзертілді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: