«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қытаймен шекарадағы көлік кептелісі форс-мажор деп танылды

2021 жылғы 06 Қаңтар
24501 просмотров

Енді кәсіпкерлер шекарада 2020 жыл шілдеден бастап желтоқсанға дейінгі аралықта орын алған жағдайды форс-мажор деп тануға құқылы. Бұл шара серіктестермен жүк тасымалдау бойынша туындаған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді

«Атамекен» 2020 жыл желтоқсанда ҚР Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрлігіне Қазақстан вагондары мен жүк көліктерінің ҚХР шекарасы арқылы өтуіне Қытайдың шектеулер енгізген күндері көрсетілген ресми хат беру туралы өтініш жіберді.

 Қытай тарапынан карантиндік шараларды күшейту ҚР және ҚХР арасында жүк экспорты мен импортына кері әсер етті. Логистикадағы кедергілер жүк жеткізу мерзімдерін бұзу, серіктестер арасында келісімшарт міндеттемелерін орындай алмау, айыппұлдар, тез бұзылатын тауарлардың бұзылуы, экспорттық стратегияны қайта қарау және жаңа өткізу нарықтарын іздеуге әкеп соқты. Осының бәрі жүктің шекарада тұрып қалуы мен отандық компаниялардың іскерлік беделіне нұқсан келтірді.

Бүгінгі таңда ҚХР аумағына кіру үшін кезекте 7,5 мың жүк көлігі тұр. ҚТЖ мәліметі бойынша 2021 жыл 6 қаңтардағы жағдай бойынша Қытай бағытына қарай жолда тасталған вагондардың саны 8,4 мың бірлікті құраған. Жағдайды Қытай тарапынан ресми құжаттардың берілмеуі қиындатты, соның салдарынан кәсіпкерлер шекарадағы тұрып қалуды форс-мажор деп тани алмай жатыр.

 «Атамекен» Үкіметке Қазақстан мен Қытайдың үкімет басшылары арасында шекарадағы жүк көліктерінің тоқтап қалу мәселесін шешу үшін келіссөздер жүргізу туралы өтінішпен жүгінді. Өкінішке қарай, жағдай өзгеріссіз қалады. Сонымен бірге, 2020 жылдың желтоқсан айының басында ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігімен кездесуде шекарада көліктердің бос тұрғанын растайтын ресми хат ұсыну туралы келісім жасалды. Министрліктен хатты алдық. Жүйелі түрде аталған шекарадағы ұзын-сонар кезекке қатысты ситуацияны шешпейді, біз ҚР Сыртқы істер министрлігі, Үкіметтен мәселені шешуге атсалысуды сұрап жатырмыз, өйткені көлік құралдары әлі де шекарада қозғалыссыз тұр», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Талғат Темірханов.

 Аталған хат шекарадағы 2020 жыл шілде-желтоқсан аралығындағы жағдайды форс-мажор деп тануға негіз болады. Осылайша кәсіпкерлер жүктің кешігуі бойынша серіктестермен туындаған проблеманы шешуге мүмкіндік береді. Форс-мажор туралы куәлікті алу үшін Қазақстанның Сыртқы сауда палатасына хабарласу керек, электронды пошта:  info.icc.kz@gmail.com. 

 Еске салсақ, 24 желтоқсанда «Атамекен» ҰКП және кәсіпкерлер ҚР ИИДМ, «Қазақстан темір жол» ҰК» АҚ-пен бірлесіп, «Достық» станциясына барды, онда бақылау-өткізу пункті, жүк тиеу орындары мен терминалдар, сондай-ақ пойыздардың тұрақтары және кірме жолдардың жұмысымен танысты. ҚХР үкіметі тарапынан ресми позиция болмағанын ескере отырып, кәсіпкерлер мәселені Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі жанындағы Көлік кеңесінің келесі отырысына шығаруды сұрады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер