«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауыл шаруашылығы министрлігі «Атамекеннің» жер телімін жалдау құқығын сатуға қатысты ұсыныстарын қолдады

2021 жылғы 06 Қаңтар
15782 просмотров

«Атамекен» жақында жалдау құқығын сатуға әділетті бағаны белгілеуді қамтамасыз ете алатын түзетулерді бастамалады. Енді ҰКП кәсіпкерлерге салынған басқа да қатаң талаптарды алып тастауды көздеп отыр.

 Кәсіпкерлер мемлекеттен алынатын жер телімдерге жоғары бағаларға қатысты жиі шағымданатын болды. Мәселені зерттей келе, «Атамекен» ҚР ҰКП сарапшылары заңнамада жер телімін аукционға жалдау құқығын сатудың бастапқы бағасын және бағасын анықтау туралы қайшылықты тапты. Неліктен кәсіпкерлер артық төлеуге мәжбүр болып отыр және Ұлттық палата проблеманы қалай шешті деген сұрақтарға «Атамекен» ҚР ҰКП Құрылыс департаменті директорының орынбасары Ернұр Абжан жауап берді.

 – Негізгі мәселеде неде?

– Жер телімін жалдау құқығын сату құнын мемлекет әртарапты белгілейді, оның құны жалға алу мерзіміне байланысты. Егер жалдау мерзімі 10 жылды құрайтын болса, онда әр жылға 2%. Мәселен, жер телімін 3 жылға жалдау құқығының құны оның кадастрлық құнының 6% құрайды, 5 жылға – 10%, 10 жылға – 20%. Бұл тәсіл Жер кодексінің нормаларымен және ҚР Үкіметінің «Жер телімдері үшін төлемнің базалық ставкаларын белгілеу туралы» қаулысымен анықталады.

 Бірақ бір олқы тұс бар. Жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттықты жүргізу тәртібін анықтайтын, өкілетті органның бұйрығымен бекітілген ережелер кадастрлық құннан төмен емес бағамен сатуға жалдау құқығын беру қажеттілігін білгілейді. Демек ережелер талаптары жер телімін жеке меншікке және жалға алу жағдайларын, жалдау мерзіміне қарамастан, 2 жыл болсын, немесе жалға берілетін шекті мерзім 49 жыл болсын теңестіреді екен.

 – Нақты бір жер телімі мысалында жағдай қаншалықты қиын екенін түсіндіруге бола ма?

 – Әрине. Егер мысалға құрылыс жүргізуге арналған кадастрлық құны 18,5 млн теңгені құрайтын жер телімін алатын болсақ, онда оған жалдау құқығын 6 жылға сату құны 2,2 млн теңгені құрайды. Осы баға сауда-саттықта құқықты беруде бастапқы баға болуы шарт. Көрсетілген баға әділетті, өйткені жалдау құқығын иеленуші жер телімін мемлекеттен жалға алған кезеңі үшін ғана төлейді. Бірақ егер сіз ережелерді ұстанатын болсаңыз, онда бұл жер телімін 6 жыл мерзімге жалдау құқығы 18,5 млн.теңгеден кем емес, яғни жеке меншікке сатып алу жағдайындағыдай толық құны бойынша жүзеге асырылуы керек.

 – Бұл шынымен әділетсіз әрі бизнестің қалтасына ауыр тиеді.

– Біздің пікірімізше, бұл талаптар бизнес дамуына айтарлықтай кедергі болып отыр, өйткені кәсіпкерден қыруар қаражатты талап етеді.

Бұдан бөлек,  жер телімін жекеменшікке сатып алуға ынта болса, кәсіпкер жер телімінің кадастарлық құнын екі рет төлеуге міндетті болады: алғашқы кезде жер телімін жалға алу кезінде, екіші рет жалға берілетін жер телімін құрылысы нысаны салынып болған кезде меншікке сатып алу кезінде. Іс жүзінде сауда-саттық нәтижесі бойынша жалдау құқын берудің түпкі құны бастапқы құннан 10 есе және одан да жоғары болуы мүмкін.

 – Заңнамадағы осындай қайшылықтың салдары қандай?

 – Оның салдары өңірлерде бірмәнді емес құқыққорғау практикасының қалыптасуына әкеп соқты. Жағдайды талдап, кейбір өңірлерде жалдау құқығын жергілікті атқарушы органдар кадастрлық құнға тең деңгейде белгілегенін, ал басқа өңірлерде жалдау құқығын сату құны бойынша белгілегенін анықтадық.

 Талдауымыздың деректері бойынша жалға алу құқықтарының 60 пайызын әкімдіктер жер телімініңкадастырлық құнынан жоғары бағада сатқан, бұл біздің ойымызша, жер телімін жалға алу үшін жер сатып алатындай бюджетке жер телімінің толық кадастрлық құнын төлеу тым әділетсіз.

 – «Атамекен» ҰКП мәселені шешу үшін қандай шаралар ұсынып жатыр?

 – «Атамекен» қолданыстағы ережелерге түзетулер енгізу қажеттілігі туралы мәселені уәкілетті орган алдында көтерді. Бірнеше рет өткізілген кездесулер мен талқылаулардан кейін біз мемлекеттік орган тарапынан түсіністікке қол жеткіздік және жалдау құқығын сату үшін әділ баға белгілеуді қамтамасыз ету мақсатында «Атамекен» ұсынған түзетулерді қайта қарауды қорғадық. Сонымен бірге, ережелерді жаңа редакцияда бекіту шеңберінде уәкілетті орган кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды күшейтетін бірқатар түзетулер енгізуді қарастырды, оларды біз мүлдем қолдамаймыз.

 – Демек, жаңа ережелер бір мәселені шешсе, тағы бір проблеманы туындата ма?

 – Сондай жағдай орын алуда. Қолданыстағы ережелер сауда-саттыққа қатысқан әркімнің жер телімінен 15 пайыз мөлшерінде кепілдендірілген жарнаны төлеуді қарастырады. Сауда-саттық аяқталған соң жарналар иелеріне қайтарылады, бірақ, жеңімпаз қатысушы қандай да бір себептермен келісімшарт жасаудан бас тартқан немесе оның шарттарын орындамаған жағдайда оның жарнасы қайтарылмайды.

 Жаңа редакцияда кепілдік жарнаны көрсетілген жағдайларда ғана емес, қатысушы өтінімді дұрыс толтырмаған жағдайларда да, бұрын жер телімдері алынған адамдардың тізілімінде болған және ережелер талаптарына сәйкес келмейтін жағдайларда қайтарып алмау ұсынылды. Бұдан бөлек, сауда-саттықта сатып алынған жер телімі үшін уақытында төлем жүргізбеу үшін айыппұл санкциясы ретінде жеңімпазға кепілдендірігне жарнаны ғана емес, сонымен қатар жер телімі құнынан 50 пайыз аванс тық төлемді де қайтармай ұсынылды, бұл аванстық төлем келісімшартқа қол қойғаннан бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей төленуі тиіс.

 – Осындай қатаң шарттармен күресу мүмкін бе, ережелер жобасы әзірленудің қандай деңгейінде тұр?

 – Бизнес өкілдері шарттарды қатаңдатуға наразылық білдіруде. Осы позицияны біз сарапшылық қорытынды шеңберінде көрсеттік, барлық позициялар бойынша негізді ескертепелер жасадық, жекелеген тармақтар бойынша өз ұсыныстарымызды ұсындық. Тиімді келіссөздер нәтижесінде уәкілетті орган «Атамекен» ұсыныстарымен келісті, қазіргі таңда оларды барлық мүдделі мемлекеттік органдармен үйлестіруді жүзеге асыруда. Жақында ережелердің жаңа редакциясы әділет органдарына тіркеуге жіберіледі деп үміттенеміз.

Биылдан бастап мемлекет тарапынан жер телімдерін сату және жер телімдерін жалға беру құқығы gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында тек электрондық форматта жүзеге асырылатынын атап өткім келеді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер