Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы мен Пәкістанның Сауда-өнеркәсіп палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы мен Пәкістан Ислам Республикасының Сауда-өнеркәсіп палаталарының Одағы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Palata.kz.
Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның бизнес-қауымдастығының делегациясы Пәкістанның астанасы – Исламабадта өткен бизнес-мүмкіндіктер бойынша Орталық Азия конференциясына қатысты.
Форум барысында барлығы 18 Қазақстан-Пәкістан құжатына қол қойылды, оның 2 меморандумы Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы мен Пәкістандық әріптестер: Пәкістанның Сауда-өнеркәсіп палаталарының Одағы мен Равалпинди Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында ынтымақтастық негіздерін қалады.
Сондай-ақ Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы және Ауғанстан мен Пәкістанның ұқсас ұйымдары арасында тағы бір үш жақты Меморандумға қол қойылды.
Палатаның өкілі Алматы қ. КП директорының орынбасары Светлана Ыдырысованың айтуынша, конференцияға қатысқан қазақстандықтардың көпшілігі үшін сапар өте сәтті болды: жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары пәкістандық бизнесмендермен серіктестік туралы келісімге келді, ал қатысушы-мемлекеттердің салалық қауымдастықтары арасында ниет хаттамалары мен меморандумдарға қол қойылды.
Форумға Орталық Азияның Ұлы Жібек жолы бағыты бойынша орналасқан Ауғанстан, Пәкістан, Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен 450-ден аса қатысушы жиналды.
Әр елдің делегаттары үш күн бойы сессиялар мен мәжілістер кезінде мемлекеттік құрылым мен бизнестің әріптестік мүмкіндіктерін, өңірлер арасындағы экономикалық байланысты дамыту мәселелерін талқылады. Елдердің экономикасы мен экспорт мүмкіндіктерімен толығырақ танысу үшін қатысушылар талқылауды тараптардың келісімімен ұйымдастырылатын семинарлар, симпозиумдар, конференциялар және басқа да шаралар түрінде жалғастыруды ұсынды. Ал Исламабадта өткен форумның жаһандық мақсаты – ежелден бері дүниежүзіндегі сауда-көлік күре жолдарының бірі болып табылатын Ұлы Жібек жолын өркендету.
Форумды ұйымдастырушы экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша USAID жобасы екенін атап өткен жөн.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: